Шымкент-Ташкент арасындағы ынтымақтастық арта түсті

Oinet.kz 23-12-2022 134

Шымкент қаласы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық байланыс дамып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Ниязходжаевты қабылдады.

Screenshot_18.jpg

Тараптар алдағы уақытта туризм, сауда-саттық, өнеркәсіп, мәдениет салаларында екі жаққа да тиімді болатын маңызды жобаларды бірлесе отырып талқылады. 

Өзбекстан Республикасының туристік әлеуеті жоғары. Ол шымкенттіктерді де қызықтырып отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Ташкенттің турист тартудағы оңды тәжірибесінің тиімділігін атап өтіп, болашақта мегаполистің туризм бағытын дамытуда әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді. 

- Қазір Шымкент пен Ташкент қалаларының арасындағы экономикалық ынтымақтастық әріптестік жандана түскен. Екі қала арасындағы сауда тауар айналымы жоғарылай түскен. Шымкенттік Ташкенттен үйренері көп. Әсіресе туристерді тартуда екі қала арасында әріптестік, ынтымақтастық байланыс арта түсті, - дейді қала әкімі.

Қазақстан тарапы Шымкент-Ташкент бағыттарындағы көрікті орындар бойынша жаңа туристік бағыттарды жолға қоюды ұсынды. Ал Өзбекстан тарапы Шымкенттік делегацияны алдағы уақытта Ташкент қаласында өтетін халықаралық қолөнершілер көрмесіне шақырды. Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды саласы өзара сауда-саттық болып табылады. 

Еліміздің негізгі экспорттық өнімдері – азық-түлік тауарлары, металдар, энергия тасымалдаушылар, мүйізді ірі қара, мұнай өнімдері, химиялық өнімдер және құрылыс материалдары болып табылады. Өзбекстан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, қара және түсті металдарды, машиналарды, химиялық өнімдер мен құрылыс материалдарын жеткізеді.

Тараптар арасында көлік саласындағы ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Бұл өз кезегінде туристік саладағы байланыстың жаңа перспективаларына жол ашады. Жалпы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда да жаңа бастамалар бар. 

Шымкент қаласындағы Асар-2 шағын ауданы электр жарығымен қамтылуда
Шымкент қаласындағы Абай ауданы инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу