Шымкент қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті

Oinet.kz 22-08-2023 157

Шымкент қаласының «Көрме орталығында» екі күнге жалғасқан жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті. Оған баспана алуға ниетті қала тұрғындары қатысып, қаладағы тұрғын үй салып жатқан компаниялардың ұсынысымен танысты.

Screenshot_8.jpg

Жалпы қала тұрғындарының жеңілдікпен үй алуына мүмкіндігі бары айтылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Отбасы банктің» қалалық филиалы. 

«Отбасы банктің» сату бөлімінің басшы Ақерке Үйсінбаеваның айтуынша, жәрмеңкеге «Отбасы банкімен» бірге Шымкент қаласындағы құрылыс саласындағы 20 компания қатысқан. «Жәрмеңкеде біздің қаламызда үйлер мен қандай кластағы ғимараттар салынып жатқаны, олардың бағасы, қалай алуға болатыны туралы толыққанды мәлімет алатын алаң ұсынылды. Әр компания өкілдері қала тұрғындарымен жеке жұмыс істеп, кеңес берді,» деді «Отбасы банктің» сату бөлімінің басшы Ақерке Үйсінбаева.

Жәрмеңкеге тұрғын үй саласындағы жетекші компаниялар қатысқан болатын. Жәрмеңкеге келуші азаматтар әр алуан ұсыныстардың ішінен өзіне оңтайлы нысандарды таңдап, жылжымайтын мүлікті сатып алу тәртібі бойынша банк кеңесшілерінен жан-жақты ақпарат алып, ең тиімді төлем жолдарын есептетіп алды. Іс-шараға қатысушылар жәрмеңке барысында несиеге алдын ала мақұлдау қызметін қолданып, заем алу туралы келісімін сол жерде-ақ жасауға мүмкіндік алған еді.  

- Қазіргі уақытта 200 мыңға жуық шымкенттік тұрғын үй алу үшін «Отбасы банкінде» депозит жинап жатыр. 2023 жылдың басынан бері 15 мыңнан астам азамат дәл осы мақсатпен жаңа салым ашқан. Отбасы банкінің жинақ шоттарына деген мұндай сұраныс несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуымен түсіндіріледі. Банк клиенттері бастапқы жарнаны өз шоттарында жинақтай отырып, кейін 3,5 пайыздан 10 пайызға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй сатып ала алады. 2023 жылдың басынан бері 2 567 шымкенттік отбасы осы мүмкіндік арқылы қоныс тойын тойлады, - деп түсіндірді «Отбасы банк» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Банк мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруға да белсенді атсалысуда. Осылайша, Шымкентте «2-10-20» бағдарламасы бойынша 204 отбасы қолжетімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік алды.

Жәрмеңке барысында баспана таңдап, заем рәсімдеген қала тұрғындарына компания өкілдері 5-15 пайыз аралығында жеңілдіктер мен бонустар ұсынды.  

Шымкент қаласының жастары бас қосты
Шымкент қаласында қысқы маусымға жауапты мекемелердің дайындығы пысықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу