Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 400 бос жұмыс орны ұсынылды

Oinet.kz 23-08-2023 167

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге барлығы 25 жұмыс беруші мекеме қатысқан.

Screenshot_10.jpg

Жұмыс іздеп келген жүзге жуық азаматқа 400-ге жуық жұмыс орны ұсынылды.

- Президентіміз «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздің алдағы дамуы мен өркендеуінің жоспарын анықтап берген болатын. Онда қол жеткізген жетістіктеріміз бен шешілуі тиіс мәселелердің бірде-бірі ұмыт қалмаған, қоғамды толғандырып жүрген жағдайлардың барлығының жөн-жобасы айқындалып, оларды оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. Мемлекет басшысы экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз. Жалпы, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің  Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Бүгінде қала бойынша 18 жастан асқан 33 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4115-і бірінші топ, 15 411 және 13351 азамат екінші және үшінші топ мүгедектері, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Оның айтуынша, еңбекке қабілеттілерін жұмыспен қамту мақсатында қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы мен  «Тең қоғам» орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді. 

«Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 1727 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қазіргі таңда 1300-ден астам адам қамтылған. Сонымен қатар, қалада 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, биыл бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген» дейді қала әкімі.

Шымкент қаласында қысқы маусымға жауапты мекемелердің дайындығы пысықталды
Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында 3 елдімекен таза ауыз сумен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу