Шымкент қаласында азық-түлік бағасының тұрақтануына 200 сауда орталығы үлес қосуда

Oinet.kz 09-09-2023 176

Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру мақсатында ашылған ондаған әлеуметтік дүкендер жұмыс істеуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 миллиард теңге бөлініп, екі жүзге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықта төмен бағада өткерілуде. 

Screenshot_10.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауларында елдің әлеуметтік-экономикалық салаларына басымдық бере отырып, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлік пен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту керектігін тапсырды. Бұл салаларды дамыту арқылы халықтың азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берілмек. Бүгінгі таңда қалада ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен қатар шағын және орта кәсіпкерлік салалар даму үстінде. Бұл өз кезегінде шаһардағы баға саясатын тұрақтандыруға өз септігін тигізіп отыр, - дейді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков. 

Атап өтерлігі, шаһарда «азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қала әкімінің қаулысы қабылданып, азық-түлік сататын кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жүргізілген болатын. 

Бүгінде «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкрлік корпарациясы» акционерлік қоғамы тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, олар «Магнум» сауда желісінің саны 31, «Грамад» сауда желісіның саны 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер 129. Осы сауда орындарында үнемі баға нарық бағамынан жүйелі, халыққа қолжетімді бағада әлеуметтік азық-түлік тауарлары өткерілуде.

«Бүгінгі таңда қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда» дейді қала билігі. Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда, жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілген. Бұлда болса халықтың қолжетімді бағада азық қорын жасақтауға мүмкіндік беруде. 

Шымкент қаласында жастарға жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие берілуде
Шымкент қаласында ерекше балаларға арнап 30 орындық оңалту бөлімін ашу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу