Шымкент қаласында биыл егіс алқаптарынан 79,6 мың тонна өнім жинау жоспарлануда

Oinet.kz 10-09-2023 217

Шымкент қаласында күзгі жиын-терін жұмыстары жалғасуда. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы алқаптарынан 79,6 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр екен. 

Screenshot_12.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімін арттыр және қайта өңдеу өндірісін жолға қоюды жандандыруды тапсырды. Бүгінгі күні қала аумағындағы егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, жүргізілген әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар 11,4 мың, майлы дақылдар 3,6 мың, мал азығы дақылдар 8,9 мың, картоп 0,5 мың, көкөніс және бақша дақылдары 3,1 мың гектар алқапқа орналастырылды. Ал бүгінгі таңда бұл егіс алқаптарынан 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда, қала маңындағы алқаптардан жалпы 79,6 мың тонна өнім жиналып отыр. Атап айтсақ, дәнді дақылдардан 16,9 мың, майлы дақылдардан 2,9 мың, көкөніс пен бақшадан 40,6 мың, картоптан 4,8 мың тонна өнім жиналған. Ал, бұдан бөлек, 14,4 мың тонна мал азығы дайындалған.

Оның айтуынша, бұдан бөлек, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 52 миллион теңгеге 467,5 тонна тыңайтқыш субсидияланған. Ал тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480 мың теңге бөлініп, 4 миллион теңгеге бірінші ұрпақ будандарының 60 мың дана тұқымдары субсидияланды. Сондай-ақ пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар, күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 44,3 тонна жеңілдетелген бағамен берілетін жанар-жағармай бөлініп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 245 теңгеден босатылуда.

- Қалада ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жаңартылған техника есебінен өнім жинау, шығынсыз жинау мүмкіндігі артуда. Жалпы осы жылдың өнімін жинау үшін жиын-терін жұмысына Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын дайындығы 93 пайызды құраған болатын. Бүгінгі таңда күзгі жиын-терін жұмыстарына араласын техника толықтай егіс алқаптарына жұмылдырылған. Көкөніс пен бақша өнімдерін жинау жұмыстары жалғасуда, -дейді  Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров.

Шымкент қаласының тұрғындары бір ай көлемінде өзі қалаған емхананы таңдай алады
Шымкент қаласының тұрғындары бір жылда 500 мын тонна азық-түлік тұқымын тұтынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу