Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында жаңа ойын алаңдары салынуда

Oinet.kz 22-09-2023 116

Шымкент қаласында балаларға арналған ойын алаңшалары көптеп салынуда. Соның бірқатарын Әл-Фараби ауданынан көруге болады. Жалпы биыл бұл аудан аумағындағы 39 аулаға балалар ойын алаңшасын және ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта жыл басынан бері 24 балалар ойын алаңшасының жұмыстары тәмамдалып, ел игілігіне пайдалануға беруге дайын. 

Screenshot_4.jpg

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы Володарский көшесі №2А тұрғын үйінің ауласына барып, тұрғындармен кездесті. Су жаңа спорт алаңшасы салынғалы тұрғындардың да көңіл-күйлері көтеріңкі.  Мегаполис басшысы жергілікті халықпен жүздесу барысында спорт алаңшаларын күтіп ұстауға кеңес беріп, бұл нысан елдің ортақ игілігі екенін ұғындырып өтті. Спорт алаңшалары сапаға сәйкес заманауи үлгіде, балалардың шаттана ойын ойнауына қолайлы етіп жасалған. 

- Әл-Фараби ауданы аумағындағы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және балалардың салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай қарастырылған. Қаланың орталығында орналасқан ауданда 235 мыңға жуық халық тұрады. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй бар. Аудан әкімдігі берген мәліметтерге сүйенсек, ауданда халық 105 ашық спорт алаңшасының  игілігін көріп отыр. Соның 41-і соңғы 3 жылда салынған. Жыл басынан бері 24 балалар ойын алаңшасының жұмыстары тәмамдалып, ел игілігіне пайдалануға беруге дайын, - дейді қала әкімі.  

Жалпы кеше ғана осы ауданда 7 тұрғын үй ауласынан спорт алаңы мен балалар ойын алаңшалары ашылды. Атап айтсақ, Әл-Фараби ауданына қарасты Қабанбай батыр көшесі №13 тұрғын үй, Пазылбеков көшесі №5, 7 үй,  Айбергенов көшесі №1, 5, 5а  мекен жайларына балалар  ойын алаңшалары тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Су жаңа ойын алаңындағы балалар ойынын қыздыратын әткеншектер мен сырғанақтар бүлдіршіндерді шаттыққа кенелтіп, көпшіліктің де көңілін серпілтті. 

Қазіргі уақытта жоспарланған 39 ауланың 24 ауласында балалар ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталып, 15 аулада құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Сонымен қатар ауданда бүгінде 106 ашық спорт алаңы бар. 2023 жылы 2 ашық спорт алаңын салу  жоспарланып, іске асырылды. Береке шағын ауданында және Жангелдин көшесі №14 үй ауласында бүгін ашық спорт алаңы да ойын алаңшаларымен бірге қолданысқа берілгенін айта кетейік. 

Шымкент қаласында үш мың кәсіпкерге қолдау ұлттық жоба аясында көрсетілді
Шымкент қаласында жылу маусымына дайындық жұмыстарын 1 қазанда толық аяқтайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу