Бозарықта тағы 40 отбасы баспаналы болды

Oinet.kz 20-08-2026

Шымкентте баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен салтанатты шарада пәтер кілті табысталып, 40 отбасы баспаналы болды.

Screenshot_1.png

Жаң үйлер Бозарық шағын ауданында орналасқан,Тұрғындарға 1, 2 және 3 бөлмелі, толық әрленген пәтерлер жалға беру тәртібімен берілді. Кейіннен сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Басымдық әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, оның ішінде жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және толық емес отбасыларға берілді.

Биыл Шымкентте жалпы 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3 370-і тұрғындарға табысталды. Қалған баспаналар жыл соңына дейін кезең-кезеңімен беріледі.

Елорда полициясының Кинологиялық қызмет орталығы төрт аяқты кішкентай көмекшілермен толықты
Еще 40 семей получили жилье в Бозарыке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу