Астана әлемдік AI-кино өкілдерінің бас қосатын орнына айналды

Oinet.kz 04-10-2026

Мыңдаған автор өз фильмдерін таныстыру үшін Қазақстандағы байқауды таңдады. Алғашқы Astana AI Film Festival 125 елден 8 067 өтінім қабылдап, өтінім саны бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық AI-кино байқауына айналды. 

90411.jpg

3 қазанда елордада жеңімпаздар жарияланды.

Үш күн бойы Астана режиссерлерді, технологиялық компаниялар өкілдерін және инвесторларды «автордың қолында жасанды интеллект пайда болғанда кино қалай өзгереді?» деген сауал төңірегінде тоғыстырды.

Халықаралық қазылар алқасының құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле, Қытай киноиндустриясының өкілдері және кәсіпкер Баладжи Сринивасан кірді. Ал 25 финалистің жұмысы MEGA Silk Way-дың үлкен экранында көрсетілді.

Халықаралық ауқым отандық бизнестің қолдауымен нығая түсті. Freedom Holding Corp. жанындағы «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры жүлде қорына 1 млн доллар бөлді. Тағы 1 млн доллар перспективалы AI-командаларға инвестиция салуға және Қазақстандағы өндірісті дамытуға қарастырылған.

Жеңімпаздар қатарында «It Was Just a Joke» комедиясындағы үздік кейіпкер үшін марапат алған қазақстандық Мырзахан Жұмахан бар. Бас жүлде мен 450 мың доллар «The First Honest Day» туындысының авторы, латвиялық Nikolay Shestak-қа бұйырды.

Астана үшін бұл — идеясы бар адамдар келіп, оны жүзеге асыратын серіктестер табатын орталыққа айналу мүмкіндігі. Ұйымдастырушылардың мақсаты да осы: фестиваль төңірегінде халықаралық қауымдастық қалыптастырып, Қазақстанда AI-кино өндірісіне жаңа мүмкіндіктер ашу.

Астана стала местом встречи мирового AI-кино
Казахстанец получил награду на первом фестивале ИИ-кино в Астане
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу