«Назарбаев, кет!» ұранының авторы екі айға қамалды

Oinet.kz 05-02-2026

Оппозициялық саяси белсенді, ел арасында кең тараған «Назарбаев, кет!» ұранының авторы Ермек Нарымбайдың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Журналист Лұқпан Ахмедияровтың айтуынша, Е.Нарымбай  Қырғызстанда қонақта жүрген кезінде ұсталып, соттың  шешімінсіз Қазақстанға депортацияланған. Артынша оппозиция белсендісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған көрінеді.  «Қазір ол Астанадағы полиция департаментінде отыр», – деп хабарлады журналист әлеуметтік желідегі өз парақшасында. 

16444780590myjd_1000x768.png

Өз кезегінде Астана қалалық полиция департаменті  бұл ақпаратты растап, Ермек Нарымбай сот үкімі бойынша әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынғанына қарамастан, бұл талапты орындамаған деген айып тағып отыр. «Тергеу нұсқасына сәйкес, ол сот шешімін қасақана орындамай, азаматтарды жаңылыстыратын ақпараттарды жүйелі түрде жариялаған», – делінген полиция хабарламасында. Бұған дейін  Ермек Нарымбайдың сот шешімін орындамағаны үшін бес рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі.

Оппозиция  белсендісі уақытша ұстау изоляторына  екі айға қамалғаны белгілі болып отыр.  Естеріңізге сала кетейік, Нарымбай 2016 жылы елден қашуға мәжбүр болып, 6 жыл Украинада саяси диссидент ретінде өмір сүрді. Қазақстанда оны терроризм мен экстремизмді қаржыландырған ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енгізіп те үлгерді.  

Қаржы вице-министріне сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды
Жаңа шіркеудің құрылысы депутаттың наразылығын туғызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу