Серік Қонақбаев миллионерлердің тізіміне енді: Ал, Сейітжановтың рейтингісі түсіп барады

Oinet.kz 14-05-2025 38

Forbes Kazakhstan басылымы әдеттегіше елдегі ең бай деген 75 бизнесменнің тізімін жасап шықты. Сарапшылардың айтуынша, бір жыл ішінде Қазақстандағы миллиардерлердің ішінде ең көп табысты Тимур Турлов тапқан. 

Screenshot_8.jpg

Оның байлағы 2,6 млрд долларға, немесе 3,3 млрд додлардан 5,8 млрд долларға көбейген. Соның нәтижесінде Турлов рейтингте бесінші орыннан бірден екінші орынға көтерілді. 

Тізімде бірінші тұрған Вячеслав Кимнің дәулеті 7,1 млрд долларды құрайды. Бір жыл ішінде оның активі 1,3 млрд долларға артқан. Ол Forbes-тің биыл 1 сәуірде жариялаған жаһандық миллиардерлердің тізімінде 464 орында тұр. 

Екінші орында тұрған Тимур Турлов жаһандық тізімде 605-орынға табан тіреген. Сарапшылардың ойынша, Турловтың бірден байып кетуіне оған тиесілі Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының 95 пайызға қымбаттағаны себеп болған. Үшінші орында тұрған Қазақмыстың қожайыны Владимр Кимнің дәулеті 5,7 млрд долларды құрайды. Ерлі-зайыпты Тимур, Динара Құлыбаевтар тізімде осыдан кейін тұр. Бір жылда Тимур Құлыбаевтың байлығы 300 млн долларға көбейген. Ғаламдық рейтингте ол 673-орыннан көрінген. 

Рейтингте одан кейінгі алтыншы орында тұрған Болат Өтемұратовтың дәулеті 3,7 млрд доллар, Ибрагимовтер әулетінің байлығы 2,06 млрд долларға жеткен. Миллиардерлердің тізімі осыменен бітеді. 

Рейтингте «BI Group» компаниясының құрылтайшысы Айдын Рахымбаев 10-орынан көрінді. Оның байлығы 967 миллион доллар. Дариға Назарбаева –17 (571 млн), одан кейінгі 18-орынды Дінмұхамед Ыдырысов иеленді (563 млн доллар). 

Сейітжановтар әулетінің рейтингісі төмендеп келеді. Бұған дейін жиырмалықтың бас жағынан көрінетін әулет бұл жолы 365 млн доллармен 31 орынға табан тіреді. 

71 орында Сейітжановтар әулетінің бизнестегі әріптесі Қаныбековтер әулеті тұр. Бұл әулеттің байлығы 95 млн долларды құрайды. 

Сонымен бірге тізімге алғаш рет белгілі боксшы, қазіргі уақытта табысты бизнесмен Серік Қонақбаев та енген. Ол 73 орынды иеленді (93 млн доллар). 

Серік Қонақбаев Қызылорда облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін «SSM Oil» компаниясы акцияларының 60 пайызын иеленеді. Сонымен бірге оның «ARK Petroleum» компаниясында үлесі бар. Аталған компания Маңғыстау облысында мұнай кен орындарын барлаумен айналысатын көрінеді. 

Бухгалтерлер ісі: Алғашқы үкім күшіне енді
«Камерун, Мозамбик бізден озып кетті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу