«Ұят-ай деп осыны айтады жағымпаз депутаттар» - белгілі кәсіпкер

Oinet.kz 25-03-2021 2233

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов Семейде Абайдың атымен аталған спорт кешенін Елбасының есіміне ауыстыру туралы депутаттар ұсынысына қарсылығын білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қайрат Құдайбергенов.jpg

- Семейде кейбір жағымпаз депутаттар ұлы бабамыз Абай атымен аталған (Абай Арена) мәдени-спорт кешенін "Елбасы Арена" атауына ауыстырайық деген ұсыныспен шықты. Бұны естігенде, ұялғанымнан жер астына кіріп кете жазадым. Әріптестер сендерге не болған?

Әрине бұл кешен көне СССР-дан қалған орыс атпен аталып тұрса Елбасымыздың атын қоя беріңдер. Ешбір ренжіс болмайтын еді. Бірақ ұлы Абай атымен аталып тұрғанда, бұл қалай болғаны? Бұны естіген Елбасының өзі бұған қарсы тұрды! Себебі Абайдың қазақ еліне деген орны бөлек екенін біледі, оны құрметтейді, оны мадақтайды. Ұятай - деп осыны айтады әріптестер.

P.S. Осы "к@тке кіру" деген жарысты қашан доғарамыз құрметті ағайын? Салихалы ұрпаққа қандай үлгі? - деп жазды кәсіпкер.

Ал желі қолданушылары кәсіпкерді түгелдей дерлік қолдап отыр.

- "Түрік елінде Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашып жатқанда,біздікілер дін істеп жатқаны ұят шыныменде!", "Елбасының еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ! Қала бар, аэропорт бар, проспектлер бар, қаншама атақтары бар! Бұл депутаттар алды да Абай аренаға Елбасының атын беруді ұсынды! Басқа қоғамда күрделі мәселе жоқ па? Мына депутаттар Мықты болса Павлодар мен Петропавлға қоймайма екен Елбасының атын!", "Қайрат аға жарайсыз! Осы бетіңізден қайтпаңыз. Алланы, халқыңызды ұмытпаңыз! Сізге іні ретінде тілегім ел ағасы", "Артқа кіріп, көзге түсем деп, жоғарыға жағымпазданып өсем деп, қара басын ойлап жүрген биліктегі тобыр десек те жарасады. Абайды керек қылмағандар мына қара халық қазақты керек қылсынба?!", "Сасқан үйрек атымен сүңгиді деп. Тастайтын басқа ұсыныс болмаған шығар. Әлде атын өзгертсе жеп қалуға көп ақша түсермеді. Кім білсін...." - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Желіде тарихи тұлғалардың заманауи образы пайда болды (фото)
«Назарбаев 50 мың доллар берді» - Тұңғышбай Жаманқұлов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу