Аппақ ишан мешіті өткен ғасырлардан сыр шертеді

Oinet.kz 18-11-2022 491

аппақ ишан.jpg

Бәйдібек ауданының тұла бойы тылсым сырға толы. Мұнда ықылым заманнан бері келе жатқан көптеген киелі мекендер жұртты өзіне қызықтырып, ынтықтырып әкетеді. Ауданға республиканың түкпір-түкпірінен арнайы ат арылтып келетін қонақтар санында есеп жоқ. Олар киелі мекендерді аралап, әулиелерге зиярат етіп, ауданның адам аяғи сирек тиген тұмса табиғатына сапар шегеді.

Бәйдібекте жұрт назарын өзіне аударған танымал Аппақ ишан мешіті бар. Аппақ ишан күмбезі - ХІХ ғасырдың ақырындағы сәулетті ескерткіштердің бірі. Аппақ ишан күмбезі күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Жалпы табанының аумағы 6,7х6,6 метр, ішкі көлемі 3,5х3,5 метр, биіктігі 6  метр. Қабырғаның ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған. Құрылысты күмбезбен жапқан. Аппақ ишан күмбезі пішімі жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға жатады.

Аппақ ишан күмбезінің ішінде екі сағана бар. Оның бірі - Шаян ауылындағы мешіт-медресені салдырған Аппақ ишандікі, екіншісі - осы Аппақ ишан күмбезін салған шебердікі.

Қазақстанда медреселер Орта Азияға қарағанда кейірінек пайда болған, сол себепті олардың саны көп емес. Ел аузындағы аңыз бойынша, қазіргі Аппақ ишан мешіт- медресе құрылысын XIX ғасырдың ортасында Қасым ишан бастап, ол қайтыс болғаннан кейін баласы Сабыр жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтаған. Аппақ ишан мешіт-медресесінің құрылысы күйдірілген қыштан салынған.

Аппақ ишан медресесі діни оқу орыны ретінде 1927 жылға дейін, Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін өмір сүреді.

1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған. Мектептер 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге жетті.

Аппақ ишан медресесі діни оқу орны ретінде 1927 жылға дейін, яғни Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін өз негізінде елдің қызметіне жарайды. 1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі де ашылған екен. Ол 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылы орта мектепке айналып, кейін олар өз бетінше мектеп болып, жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медресе тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге дейін аман жетті. Оның заманымызға бүтіндей жетуіне үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі Өзбекәлі Жәнібеков. Атеизм өршіп түрған 80-жылдары бұл орында Өзағаңның бастамасымен «Көркем-сәулет кілем және кілемнен жасалған бұйымдар мұражайы» ашылады. Осылайша бұл Шаян мешіт-медресесі алғаш рет тарихи жәдігер ретінде мемлекет қорғауына алынған екен.

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор Мәмбет Қойгелдиев ағамыз кәсіби тарихшылардың тісі бата қоймаған ишандар ісін тереңінен қазған ғалым ретінде былай деп түсіндіреді: «Ишан — Исламның сопылық ағымдағы ақиқатты тану, оны жетік білу жолында білімімен жоғары дәрежеге жеткен ұстаз. Орта Азия елдерінде «ишан» атағын басым түрде тегі қожа дінбасылары иемденген. Қосым қожа әулеті түгелімен ишандар». Ал, Аппақ ишан атауы — «ақиқат жолындағы мәртебелі тұлға» дегенді білдірсе, Мақсұм — «ең таңдаулы адам» дегенді танытады екен. Бүгінгі діни түсінік тұрғысынан сараласақ, ишандық өткен тарих еншісінде қалғандай әсер қалдырады. «Ол әлі күнге дейін жабулы күйінде қалып келеді, ал шындығына келгенде ишандық мектеп — біздің дәстүрлі дініміз, ұлттық болмысымыз» — дейді белгілі ғалым Н.Нұртазина өз зерттеу еңбектерінде.

Аппақ ишан 1864 жылы Шаян ауылындағы №1 ауылда туған. Ұзын бойлы, арықша келген, келбеті келіскен адам болған екен. Үнемі үстінен ақ киім түспеген. Ол жеті ағайынды болған: Мәди, Рахматулла, Асадулла, Ыдырыс, Сабыр, Әбдіғапур, Низаммиддин. Ал Аппақ ишанның Бибігүл мен Зарипа есімді екі әйелінен 5 баласы болған. Олар: Бахабулла, Алауиддин, Сағидулла, Суннатулла, Сейдмұхаммед. Ал қыздары Рахиля мен Рәллә. ОГПУ деректеріне қарағанда, мешіттің жанынан ашылған 100 орынды медресе мүридтер, яғни шәкірттер тәрбиелеген. 1927 жылға дейін мұнда Арқадағы Қарқаралыдан, Атбасардан, Жетісудағы Шу, Іле, сондай-ақ Талас, Сарысу өңірінен, Сыр бойынан, тігіті қырғыздың Ош аймағынан талапкерлер келіп, шәкірт атанған. Осы географиялық ауқымға қарап-ақ бұл мешіт-медресенің сол кезде бүкіл Қазақстан көлемінде ислам мәдениетін қалыптастыру және діни білім тарату ісінде үлкен орталық болғаны байқалады. Қосым және Сейдахмет ишан ұрпақтарының ислам діні жолындағы қызметі классикалық ислам мәдениеті мен іліміне сүйенген.

Аппақ ишан Бұқарада да медресе ашып, оны басқаруды өзінің ұлы Сағидоллаға (ишан) тапсырған. Бұл уақытта Бұқара әмірлігі кез-келген дін өкіліне мешіт ашқыза бермегені әркімге белгілі. Соған қарап Аппақ ишанның дін өкілдері арасында қандай мәртебелі болғанын бағамдай беріңіздер.

Аппақ ишан ел құрметіне бөленген ерекше жан. Елінің жасампаздығы үшін, ұлт тазалығы жолында дін адамдарының еткен еңбектерін әлеуметтік тарихи шындықтан бөліп қарау, төккен терін, жасаған қызметтерін ескерусіз қалдыру тарих үшін қиянат. Кеңес өкіметі құрылып жатқан кезеңде адамдардың санасын коммунистік моральға бұрылған бағытта қайта тәрбиелеулері үшін Аппақ ишанның атқарып жүрген қызметі «Қызыл жағалы жандайшаптарға» үлкен кедергі болатын, яғни дін — кеңес өкіметінің басты қарсыласы болды. Міне, нақ осы тұста қазақтардың ұстанып отырған дәстүрлі исламдық (оның сопылық ағымы) діні жаңа маркстік (оның большевиктік түрі) көзқарасымен тарих сахнасында бетпе-бет «кездеседі». Ол тұста Ислам дінінің ролі ел ішінде өте күшті еді. Қарапайым халықтың дін адамдарына көзқарасы ерекше болған.

Бүгінде Аппақ Ишан мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заман талабына сай қызмет етуде. Мұнда соңғы жылдары көптеген тарихи фильмдер түсіріліп, ел назарына ұсынылды. Көптеген азаматтар келіп, мешіттің жай-күйімен танысып кетті.

Ақмешіт үңгірі адам жанын тазартып, рухани кеселді сылып түседі
Бәйдібек би мен Домалақ ана кесенелері қыз-келіншектер көп барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу