Жер асты мешіттері туристердің қызығушылығын оятты

Oinet.kz 08-11-2022 199

Screenshot_19.jpg

Сән-салтанаты жарасқан, тұла бойы тарихқа тұнған Түркістан қаласы тарихи туризмнің орталығына айналды. Түркістанда бір кездері уақыт тезіне шыдас бермей немесе түрлі жағдайлармен шөгіп, қираған тарихи нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Туристердің зор қызығушылығын тудырып отырған солардың бірқатарына тоқтала кетсек. 

Құмшық ата мешіті. 10-12 ғасырларда салынған жер асты археологиялық ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 шақырымға жуық жерде, ашық далада орналасқан.

Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 метрге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 метрге жуық, биіктігі 1,6 метр, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 метр және биіктігі 2 метрдей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті 10 - 12 ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті 12 ғасырдан бастап халық жиналып, діни рәсімдер  өтетін орын болғанын растайды.

Құмшық Ата мешітін 1973-1974 ж. Қазақ КСР мәдениет министрі мен Тарихъ, археолдогия және этнографияинститутының  экспедициясы (жетек. Т.Н. Сенигова) зерттеді.

1985 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 жылы Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған. Жер асты мешіттерін салу рәсімі кеңінен қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территорияларын мекендеген халықтар арасында ислам дінімен бірге  кең таралған құбылыс. Ясы шаһарында жер асты мешіттері Ахмет Ясауидің заманында нағыз кемелденген шағына жетті. «Ислам, Энциклопедия словарь» кітабында «Қылует жер асты» ұғымы ХІ ғасырдан бастап түркі халықтары арасында пайда болып, ХІV ғасырға дейін Таяу шығыс пен бүкіл мұсылман әлеміне тарағаны туралы айтылған. Жер асты мешітінің көне шаһар Ясыда бой көтеруі Ахмет Ясауи есімімен тығыз байланысты екендігі даусыз.

Құмшық ата мешіті Қазақ ССР тарих, археология, және этнография иниституты және Қазақ ССР Мәдениет министрлігімен бірлескен археологиялық экспедиция зертттеу жүргізген бұл ғұрыптық құрылыстың басында тік төртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады.  Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан.

Ел аузындағы аңызға сүйенсек — Қожа Ахмет Ясауи Қылуеттен жер асты жолы арқылы «Әулие Құмшық ата» мешітіне барып мінәжәт етіп отырғандығы айтылады. ХІІ ғ. Құмшық ата да «Ғарда» өмір сүріп, шәкірттері «Шілдехана» бөлмесінде жиылып құлшылық ғибадаттарын жүргізген деуге толық негіз бар.

Құмшық ата мешітін 1973-1974 жж. археолог Т.Н.Сенигова алғаш болып қазба жұмысын жүргізіп зерттеді. Нысанға 1985 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы мешіт қайта қалпына келтіріліп, ішкі жағы консервацияланып үсті топырақ үйіндісімен жабылды.

Тарихи мекендерді іздейтін туристер көп
Қабанбай батырдың қанжары сақталған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу