Ұрпаққа аманат

Oinet.kz 22-06-2026

Қазіргі таңда қоғам өзгеріп, жаңарып жатқаны жиі айтылады. Бұл – заңды құбылыс. Өйткені өзгеріс пен жаңару табиғаттың да, қоғамның да ажырамас заңдылығы. Ұрпақ алмасып, жаңа буынның дүниетанымы мен көзқарасы үнемі жаңарып отырады

1000625167.jpg

Әр дәуірдің өз кемеңгерлері мен даналары болады. Халық олардың есімін ұмытпай, тарихи жадында сақтайды.

Қазақ халқы ешқашан кемеңгер тұлғалардан кенде болған емес. Мыңжылдық тарихы бар ұлттың сан ғасыр бойы елге қызмет еткен ұл-қыздарының көп болуы – тарихи шындық. Алайда кей кезеңдерде өз тарихымызды толық бағалай алмай, өткенімізге күмәнмен қараған уақыттар да болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан бодандық сана ұлттық рухтың еркін көтерілуіне белгілі дәрежеде кедергі келтірді.

Дегенмен уақыт өзгерді. Бүгінде әлем қазақ халқының тарихын, мәдениетін және мемлекеттілік дәстүрін мойындап отыр. Соның айқын көрінісі – Алтын Орда мұрасына қатысты көзқарастың жаңаша бағалануы.

Жуырда өткен халықаралық конференцияда Мемлекет басшысы Қазақстанның Алтын Орданың тікелей мұрагері екенін атап өтті. Бұл – тарихи деректерге негізделген маңызды мәлімдеме. Ғалымдар айтып жүрген тұжырымның мемлекеттік деңгейде айтылуы халықтың тарихи санасын жаңғыртуға үлкен серпін берді.

Бұл сөз көпшіліктің көкейіндегі ойды дөп басты. Ғасырлар бойы бабалар аманаты болып келген тарихи мұра жаңа қырынан танылып, ел рухын көтерді. Иә, тарихи санада серпіліс болды. Ұлттық тарихқа деген көзқарас жаңарып, өткенімізді тануға жаңа мүмкіндік ашылды.

Ендеше, тарихымызды терең танып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау жолындағы бұл бастама баянды болғай!

Жанат ЖАНДАРОВА,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 2-курс студенті

Археолог: Конькидің отаны – Қазақстан
Қаладағы күнделікті өмір және жастар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу