Қаладағы күнделікті өмір және жастар
Қазіргі уақытта қалаларда өмір қарқыны өте жылдам. Әсіресе жастардың күнделікті тіршілігі оқу, жұмыс және түрлі қосымша істермен тығыз байланысты.

2024 жылғы ресми деректер бойынша Қазақстанда жастардың үлесі шамамен халықтың үштен бір бөлігін құрайды. Бұл – ел болашағының негізгі күші жастар екенін көрсетеді.
Бүгінде көптеген студенттер оқуын оқып жүріп, қосымша жұмыс істеуге тырысады. Бірі кафе мен дүкендерде еңбек етсе, енді бірі онлайн жұмыс арқылы табыс табуда. Бұл олардың өз бетімен өмір сүруге бейімделіп жатқанын байқатады.
Сонымен қатар қала өмірінде қоғамдық көлік, тұрғын үй, оқу орны сияқты мәселелер де өзекті болып отыр. 2025 жылға қарай ірі қалаларда халық санының өсуі инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсіріп отырғаны айтылуда.
Осындай жағдайда жастар үшін ең маңыздысы – уақытты дұрыс пайдалану. Оқу мен еңбекті қатар алып жүру, өз болашағын жоспарлау – әр студенттің басты мақсаты болуы керек.
Қорытындылай келе, қаладағы қарқынды өмір жастарды шыңдайды. Ең бастысы – осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, өз орнын таба білу.
Жанат ЖАНДАРОВА,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 2-курс студенті


