Ойшыл жазушы

Oinet.kz 28-10-2021 4897

Screenshot_8.jpg

Жаһандану үдерісі найзағайдың жарқылындай жылдам жүріп жатқан бұл әлемде жеке этнос былай тұрсын, бүкіл түркі ұлттары мен ұлыстарының ауызбірлігі ауадай қажет. Біз түркілер кешегі кеңестік кезеңде бірімізбен-біріміз астыртын жауласып келдік. Егемендіктен соң өзбек, қазақ, түрік, қырғыз, әзербайжан, түркімен бір ел екенімізді айта бастадық. Бұғанда отыз жылдан асты. Енді сөзден іске көшудің, шынында да біртұтас ірі этнос болып бірігудің кезі келді. Алайда әліге дейін де надандықпен бірін-бірі кемсітіп, біріне-бірі қол көтеретіндер жоқ емес. Бұл жайт жалпытүркілік ұлттың жойылуының жылдамдай түсуіне себеп болады. Ұлттар мен ұлыстардың ойлы тұлғалары жалпытүркілік бірлік ісінде алдыңғы қатарда болуы керек. Жаратқанға шүкір, тек сөзде ғана емес, істе де жалпытүркілік бірлік жолында әрекет етіп жатқан ойшылдарымыз бар.

Мен бүгін 75 жасқа толған Мархабат Байғұт ағаның осындай адам екеніне қанық болғанмын. Осыдан шамасы төрт жыл бұрын жұмақтай көркем Пістелі ауылында “Таупістелі тағылымы” атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, ағаның түркі елдерін біріктіру жолындағы жанқиярлығын көрген едім. Оған дейін Байғұт деген адамды да, жазушыны танымайтынмын.

“Таупістелі тағылымы” конференциясынан соң ағамен бірнеше рет Шымкентте және Ташкентте кездестік. Осы кездесулерде Мархабат Байғұт бүкіл түркінің кең ауқымда пікірлейтін ойлы тұлғасы, ойшылы болып көрінді. Ағада кербездік, жасандылық жоқ екенін, әзіл-сықақты түсінетін, бірақ асыра сілтеп мейрампаздық жасамайтын салмақты, Абай айтқан “толық” адамдардың бірі екенін білдім. Ағаны аздап білгенім оның жазған шығармаларын оқуға үндеді. Мархабат Байғұттың “Түркілер төрі – Түркістан” онлайн конференциясын ұйымдастыруға қатысқаны, оның басты ұйымдастырушыларының бірі болғаны да мен үшін қуанышты жайт болды.

Кез келген көркем шығарма оның авторына ұқсайды. Себебі жазушы – ағаш, ал шығарма оның жемісі. Осы тұрғыда Мархабат Байғұттың туындылары оның өзіне өте ұқсайтынын айтуым керек. Мен оның “Иттің құқығы”, “Жоғалған жұрнақ”, “Қозапая”, “Әкімнің әйелі”, “Шибөрінің бүргесі” сияқты бірнеше новеллаларымен таныспын. Оның осы шығармаларында түрлі санаттағы адамдардың ішкі жан дүниесі бүкіл күрделі шытырманымен көрсетілген.

Казакбай ЮЛДАШЕВ, 

филология гылымдарынын докторы, профессор. 

Ташкент

О дүниеде сүйгенімен қосылған жігіт
Мұңлы түлкі. Кәкен Қасымқанұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу