Сүлеймен патшаның кеніші шынымен де бар ма?

Oinet.kz 10-08-2019 3512

Screenshot_51.jpg

1885 жылы Генри Райдер Хаггардың «Сүлеймен патшаның кеніші» кітабы жарыққа шыққаннан кейін көптеген адамдардан ұйқы қашты. Кен іздеушілер патшаның байлығын іздеуге тырысты. Кітап авторы Хаггар Сүлейменнің алмаз, алтын және мыс кені болған деп есептейді. Кейбір деректерде оның әр үш жыл сайын Офир еліне барып алтын, қымбат тастар, маймыл мен тауыс әкелгені айтылады.  Ғалымдар құпиялы Офир елінің қайда екенін анықтауға тырысқанымен зерттеулер еш нәтиже берген жоқ. Тек бұл Үндістан, Мадагаскар, Сомали болуы мүмкін деген болжамдар айтылады. Көптеген археологтар патша кенінен мыс өндірген деп санайды. Өткен ғасырдың 30 жылдары Сүлейменнің мыс кені Оңтүстік Иорданияда деген ақпарат тараған. Жиырма бірінші ғасырдың басында ғана оқымыстылар шыныменде Иорданияның Хибрат-эн-нахасе елді-мекенінен мыс кендерін тапқан. Бұл шындығынан гөрі аңызы басым Сүлеймен патшаның кеніші болуы мүмкін.   

Тарихта, ел аузында есімі қалған ұлы тұлға Сүлеймен (а.с) пайғамбар 52 жыл ғұмырының күректей 40 жылын ел билеуге арнады. Пенде түгілі аң-құс, жын-шайтанның тілін түсінген әміршінің өмірбаяны ақиқаттан гөрі әфсанаға жақындау. Дегенмен оның Алланың сүйікті құлы болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.

«Жүзігі бар - Сүлеймен, жүзігі жоқ - сүмірейген»
Желім (клей) қашан пайда болған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу