Хюррем тарихта қандай болған

Oinet.kz 10-10-2019 3823

Znalezione obrazy dla zapytania хюррем в истории

Роксолана түрік әскерлері Украина елінен басып алып келген горем еріксіз әйел, күң болды. Гарем ережесі бойынша роксалананы түрік тілі мен мәдениетіне үйретіп, Хюррем аты берілді. Мағынасы «күлімсірейтін, сүйкімді» дегенді білдіреді.

Оның ақыл-ойы, өзін-өзі ұстауы мен тұлғасы сұлтан Сүлейменді қызықтырды, көп ұзамай ол оның досы және жалғыз махаббатына айналады.

Осман империясында Сүлеймен мұлтан заңды әйел алған жалғыз сұлтан болды. Ол Хюррем еді, Хюррем сұлтанға 6 ұл сыйлайды жіне оның бірі кейінгі сұлтан дәрежесіне ие болады. Ал Роксолана гаремді иеленіп, филантроп атанады. Ол күйеуінің көзі тірісінде тарихқа атын жазып қалдырған жалғыз әйел болды.

Роксалананың шыққан тегін, шынайы атын нақты ешкім білмейді. Тек ол жайында жазылған кітапта оның аты Александра тегі Лисовска болғаны айтылады. Дереккөзде Роксалана 1504 жылы рогатинде туылды деп көрсетіледі.

Роксалананы ең алғаш сұлтан Сүлейменнің досы және паша Ибрагим салып алп келіп, сұлтанға сыйға тартады. Түрік параметрлері үшін Роксалана сұлу саналады. Оның келбеті ерекше, ал шаштары қызғыл-сары болған. Көп ұзамай Роксалана өмірге ұл Мехмедті алып келеді.Роксалананың сұлтанмен ортақ тұстары көп болған. Әсіресе екеуі де поэзияны сүйіп оқыған. Ол өте ашық жарқын, күлімсіреген әйел болды.

Хасеки (корольдік әйелінің атағы) ретінде Хюррем үлкен байлықтарды жинап, бұл қаражатты Ыстамбұл мен Иерусалимде, сондай-ақ Анкарада, Эдирне мен Меккеде сәулет кешендерін салу және қолдау үшін пайдаланды.

1539 жылы ол жаңа тағайындалған корольдік сәулетші Синанға мешіт, медресе (университет) және мектепті қамтитын ғимараттар тобын жобалауды және салуды тапсырды.

Хюррем өз күйеуіне сұлтанға лайқты жар бола білді. Ол өте байпты, ақылды, қу әйел болды. Оны Хюрремнің сұлтан жорықта жүргенде жазған хаттарынан аңғаруға болады. Ол сұлтанға жеке сатып алымдарна дейін есеп беріп отырған. Елдің сыртқы істерінен де хабардар болды. Тәуелсіз әйел болды. Ол тіпті Польша басшысын құттықтап хат та жазған.

Хюррем Топкапы сарайында қоныстанған алғашқы әйел болды, ол бастапқыда империяның әкімшілік және оқу штабы болды. Корольдік отбасының әйелдері ескі сарайда (Қазіргі Стамбул университетінің орны) тұрды және 16 ғасырдың соңына дейін Топкапа сарайына бармады. Хюррем өзінің балалары әкесін сағынатнына шағымданды, өйткені ол жиі кетіп, ал Стамбулда болған кезде Топкапыда өз кеңселерінде жұмыс істеген. Содан кейін, бір күні, ескі сарайда кенеттен өрт шығып, олар Топкапы сарайына көшті. Осылайша, Хюррем сүйікті күйеуінің жанында қалды.

Хюррем Сұлтан 1558 жылы белгісіз аурудан қайтыс болды. Сүлейменмен 50 жылдық некесі кезінде ол бес ұл мен бір қыз дүниеге алып келеді. Оның үш ұлы Хюррем тірі кезінде қайтыс болды, қалған екеуі тақ үшін шайқасты және олардың біреуі кейіннен сұлтан Селим II болды (1566 жылдан 1574 жылға дейін патшалық етті). Оның балаларынан ең сұлуы, ақылдысы қызы Мирирама сұлтан болады.

Тіпті Хюррем өлгеннен кейін де Сүлеймен сұлтан әйелін сағынып, жалғыздығын жырлайды.

Сонымен қатар өмірде Хюррем өте қолы ашық, жанашыр жан болған. Ол кедейлерге көмектесіп, ел мүддесі үшін талай ғимараттарды салдыртқан. Сұлтан әйелі ретіндегі алған дүниесін ақылмен жұмсаған.

Алғашқы бизнесін тауық жұмыртқасын сатумен бастаған 8 жасар миллионер бала
Нагасакидегі ағайындылар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу