Қазақстан - татулық пен келісім мекені

Oinet.kz 23-08-2023 226

Көп ұлтты елімізде этникалық, мәдени және діни әралуандылыққа қарамастан, бейбітшілік пен саяси тұрақтылық барынша сақталып, халықаралық мінбеде беделі артуда.

images.jpeg.jpg

Бұған дәлел, 2022 жылдың қыркүйегінде Астана төрінде өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі. Айтулы шараға 50 елден 100-ден астам делегат қатысып, 34 бөлімнен тұратын декларация қабылдады. Дін көшбасшыларының отырыс алаңында ұлтаралық татулық, бейбітшілік принциптерінің негізгі тұстары айтылып, пікір алмасты. Қазір адамзат бұрын-соңды болмаған жасампаз іс-әрекетке мұқтаж. Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру үшін бейбітшілік жолындағы жаңа жаһандық модель керек. Айта кету керек, тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміз өз дамуының басты аспектісі ретінде бейбітшілікті, келісім мен ауызбіршілікті айқындады. Күрделі геосаяси жағдайда біз көпұлттылығымыз бен көпконфессиялығымызды баға жетпес байлығымыз бен ажырамас артықшылығымызға айналдырып, әлемнің басқа елдері үшін үлгі бола алдық. Қазақстан 140 этнос пен 18 конфессияның өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіріп отырған бейбіт ел. Әр дін өкілдері ел аумағында мәдениеті мен руханиятын барынша дамытуға, оны насихаттауға, дәстүрлері мен салт-дәстүрін берік ұстануға мүдделі. Бұл саяси бағдарымыздың толеранттылығын, ынтымағымыздың беріктігін дәлелдейтін құндылық. 

Елордада өткізілген әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі дінаралық қарым-қатынас мәселесіндегі басты диалог алаңы деген атауға әбден лайық. Онда халықаралық ұйымдардың дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы рөлі басты тақырып ретінде талқыланып, арнайы декларация қабылданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Съезді өткізу біздің елімізде де, бүкіл әлемде де диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан саясатының маңызды бөлігі. 

Съезге Шығыс Қазақстан облысының да діни бірлестік ұйымдарының мүшелері қатысып, түйінді ойлардың ортасында болды. Әрбіреуімізге айқын мақсат – ел тұрақтылығы мен халықтар достастығы. Өйткені ол – қарыштап дамуымыздың негізі. Сондықтан ұлт, халық, қоғам ретінде бейбітшілігіміздің түп қазығын қадірлеп, жылдан жылға көкжиегін кеңейте беруіміз хақ. Мемлекеттің өркениетті дамуы, рухани кемелденуі ұлттың бірегейліктің негізінде жатыр. Дін лидерлері өз сөздерінде Қазақстан өз ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де дінаралық және конфессияаралық диалог орнатуға баса мән беріп, осы бағытта маңызды жұмыс атқарып келе жатқанын айрықша атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық

даму бақармасының басшысы                                                                 Ж.Мекеева            

ТҮРКІСТАН: Жазғы сауықтыру лагерінде 200 мыңнан астам бала демалды
Түркістан облысында 700 шақырым су арнасы тазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу