Шымкенттік бас дәрігердің ісі Жоғары сотта қаралады

Oinet.kz 18-02-2022 1133

5fa0275f3e790.jpeg

Қазақстан Республикасының Жоғары соты екі жыл бұрын адам органдарын саудалады деген айып тағылған отандық дәрігерлердің қылмыстық ісін қайта қарайды. Бұл туралы Жоғары соттың судьясы Айдын Нұрбековтың қаулысы шықты.

Аталған қаулыда Нұр-Сұлтан қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Ғани Құттымұратовқа (суретте сол жақта), Бермет Тайсаловаға және Абылай Донбайға (суретте оң жақта) қатысты шығарған үкіміне Бас прокурордың кассациялық шағым түсіргені айтылған. Соған байланысты 2022 жылдың 22 ақпанында сағат 10:00-да қылмыстық істі кассациялық сатыда қайта қарау белгіленіп, сотталушылар мен ақталушы мүдделерін қорғау Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданының адвокаттар алқасына жүктелген.

Screenshot_1.jpg

Еске сала кетейік, 2020 жылы 2 қарашада еліміздің бас трансплантологы болған Ғани Құттымұратов 2 жыл 6 айға, Қырғызстан азаматы Бермет Тайсалова 6 жылға сотталып, №1 Шымкент қалалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай ақталған болатын.

Бұл үштіктің ісінде қылмыс барын білген әрі ұйымдастырған Қырғызстан азаматы болып шыққан еді. Ал, қазақстандық қос дәрігер мүлдем білмепті. Тайсалова 2017-2018 жылдар аралығында шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлермен сөз байласып, донор мен реципиенттердің құжатын жалған жасап отырған. Құттымұратов пен Донбай сол құжаттарға сеніп, адам органдарын заңсыз алғанын білмеген көрінеді. Бірақ, бұрынғы бас трансплантолог Құттымұратовқа 2 жарым жылдық жаза оның ота кезінде пациентке кездейсоқ АИТВ жұқтыруына себеп болғаны үшін берілген.

​Қайрат Дәлбеков: Cервистік полиция моделі қарқынды іске асырылуда
Қанат Мусин түрме жүйесін әділет министрлігіне қайтару керектігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу