Шымкент қаласының қауіпсіздігі үшін 1500 бейнекамера орнатылмақ

Oinet.kz 18-05-2023 147

Шымкент қаласында қолға алынған жобаның бірі «Қауіпсіз қала» жобасы. Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық, құқық пен басқа салаларының барлығына үлкен өзгерістер алып келеді. Себебі ақпараттық технологиялар мен платформалар бизнес үлгілерін түбегейлі өзгертіп, делдалдарды жою және оңтайландыру арқылы олардың тиімділігін арттыруда. 

Screenshot_20.jpg

«Қауіпсіз қала» жобасы бойынша қалада «Көркем Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп қала аумағында 1500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған. 

- Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның жүзге тартасы қоғамдық қауіпсіздік талдауы функциясымен. Бұл талдау жүйесі құқық бұзушылықтарды анықтаудың алдын алу мақсатында бейнедеректермен жедел және сапалы жұмыс істеуге, сондай-ақ берілген түс параметрлеріне, объектінің өлшемдеріне және адамдардың биометриялық деректеріне сәйкес объектіні тануға, анықтауға, қадағалауға, сәйкестендіруге мүмкіндік беріп, полиция жұмысын едәуір жеңілдетіп отыр. Бейнебақылау арқылы ашылып отырған қылмыс саны да жоғарылаған. Бұл ең алдымен қалада қылмыстың алдын алуға, жол ережесінің сақталуына мүмкіндік береді, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Бүгінгі таңда шаһарда «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында биылғы жоспар бойынша арнайы қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жеңімпаздар анықталуда.  

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында орнатылған бейнекамералардың арқасында мегаполисте қылмыс деңгейі әлдеқайда төмендегенін айтқан шаһар басшысы қаладағы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін жауапты полиция бөлімдеріне тапсырып отыр. 

Яғни бұл жобаны жетілдіру ең алдымен қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа, мегапоистің тыныс-тіршілігіне талдау жүргізуді оңайлатып автоматтандырады. Сондай-ақ жобаны іске асыру қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырады, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала басшысының айтуынша биыл орнатылатын бір жарым мың камераның 500-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 2024 жылға 2000 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда екен. 

Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сырқатты аман алып қалды
Шымкент қаласында жастар жұмыспен қамтылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу