Шымкент қаласында жастар жұмыспен қамтылуда

Oinet.kz 18-05-2023 154

Шымкент қаласында Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаның бірі «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» Бұл бір ғана Шымкент қаласы үшін ғана емес, бұл елімізде ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамту бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. 

Screenshot_21.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 миллион жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген. 

- Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, өңірді дамыту жоспары аясында Шымкент қаласында биыл 7 628 жасты, алдағы жылы 8 мың, ал 2025 жылы 8200 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.  Ұлттық жоба шеңберінде былтыр 33500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалды. Оның ішінде жастардың үлесі 43,5 пайызды құрап, 16 980 адам жұмысқа орналастырыған болатын, - дейді қала әкімі  Мұрат Әйтенов.

Жалпы қала әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1287 жасты оқуға жолдапты. Оның 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмысқа орналасса, 262-і арнайы курстарға жолданған. Жалпы еnbek.kz порталында 555 адам онлайн дәріс алған. 

Бұдан бөлек, 15376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның 7084-і жастар. Мұндағы 6 629 азамат «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік курстан өткен, ал мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болғандары 455 жас.  

Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 5314 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіліпті. Оның 3855 жас маман. 37 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 2378-і жастар тәжірибесі бойынша, 1115-і қоғамдық жұмысқа, 304-і «Алғашқы жұмыс орындары» және 21-і «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы жолдама алған. 

Шымкент қаласының қауіпсіздігі үшін 1500 бейнекамера орнатылмақ
Шымкент қаласының әкімінің жеке қабылдауына 200 тұрғын қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу