Шымкент қаласының әкімінің жеке қабылдауына 200 тұрғын қатысты

Oinet.kz 18-05-2023 178

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ай сайынғы азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде. Бұл жолы әкімнің қабылдауына 200-ден астам қала тұрғыны келген болатын. 

Screenshot_22.jpg

Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшкені белгілі. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағын аудандардың тұрғындарымен секесенге жуық кездесу өткізді. Ол кездесулердк 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген еді.

Ал жеке әкімнің жеке қабылдауында көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үй, жер телімін заңдастыру, жұмысқа орналасу, білім алу, медициналық көмек және тағы басқа мәселелер. Мәселелерге заң шеңберінде, тиісті сала мамандарының талқылауымен, жан-жақты шешім жолдары қаралды. Хаттамаға енгізілгендердің кейбірі шешімін бірден тауып жатса, кейбірі ұзақ мерзімді қажет етуде. Тұрғын үй кезегі, жер телімін заңдастыру секілді мәселелердің тек заң аясында және кезегімен шешілетіні тұрғындарға тағы да түсіндіріліп өтті. 

Қабылдауға келген 200-ден астам тұрғынның 130-на жуығын қабылдаған шаһар басшысы, осындай жүзбе-жүз кездесулер ашықтық пен шынайылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өкілетті орган жұмыстарын халық көзімен бағалауға мүмкіндік беруде екенін атап өтті. Қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары, өңірлік департамент басшылары мен салалық басқарма басшылары да болды. 

- Тұрғындардың бірде-бір өтініші назарымыздан тыс қалмайды. Әрбір қойылған сұрақ, көтерілген мәселе өзімнің жеке бақылауымда болады. Бұған дейін де тұрғындар тарапынан көп мәселелер көтерілген болатын. Оның барлығы да кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қала аумағында тұрғын үй, жарықпен қамту, таза ауызсу мен көгілдір отын қалаға қарасты аудандарда оң шешімін тауып келеді. Әрбір қабылдауда түскен сұрақтар хаттамаға түсіп, ол тиісті бөлімдерге тапсырылатын болады, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Шымкент қаласында жастар жұмыспен қамтылуда
Шымкент қаласы гүлмен көмкерілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу