Шымкент қаласында көгілдір отынмен қамту жұмыстары жалғасуда

Oinet.kz 18-05-2023 127

Шымкент қаласында газдандыру бойынша атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының аумағы үлкен. Шаһардың бірнеше ауданында табиғи отын тарту жұмыстары жалғасуда. Шымкент қаласы  құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде екен.

Screenshot_29.jpg

Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағынауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық аталатын нысандар бойынша құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі халықтың жайлылығын қамтамасыз ету. 

Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмысты істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымның болуы. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Атап айтсақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы Түркістан облысы әкімдігімен бірлес отырып қала аудандардағы елді мекендерге табиғи газ құбырын тарту жұмысын жоспарға сәйкес атқарып келеді, - дейді Мадияр Байымбетов.

Жалпы биыл Тұран шағын ауданын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегін аяқтау көзделген. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында  ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған.

- Жоба бойынша Тұран шағынауданындағы 2554 тұрғын үй биылғы маусым айында табиғи газға қосылады деп жоспарлануда. Осы құрылыс жұмыстарының нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94 пайыздан 96 пайызға жеткізілмек. Жалпы газдандыру жұмыстары қала аумағында кезең-кезеңмен жүзеге асырып, Президент тапсырғандай 2025 жылға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары қала билігінің тұрақты бақылауына алынған, - дейді Шымкент қаласы  құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов. 

Шымкент қаласында 67 үйді пайдалануға беру көзделген
Шымкент қаласына инвестиция тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу