Шымкент қаласында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда

Oinet.kz 18-05-2023 112

Шымкент қаласында қала әкімінің «2021-2025 жылдарға бекітілген» даму жоспарына сәйкес Тұран ауданының инфрақұрылым, соның ішінде жол жөндеу жұмыстарына 8,4 миллиард теңге қаралған.  

Screenshot_52.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһардың даму жоспарына сәйкес бұл жылдар аралығында жалпы ұзындығы 189  шақырымды құрайтын 126 көше жолына асфальт жабынын төсеу көзделген. 

- Былтыр бұл ауданда 19 шақырымды құрайтын 21 көше жолына  асфальт жабыны төселсе, одан бөлек, 26 шақырымды құрайтын 36 көшеге шағал тас төселген болатын. Биыл жол құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Жалпы жол құрылысы жұмысын жандандыру Президент Жолдауында да көтерілген. Сонымен қатар алдымызға транзиттік жолдардың да сапасын арттыру талабы қойылып отыр. Биыл 19,1 шақырымды құрайтын 31 көше жолына асфальт жабыны, 85 көшеге шағал тас төсеу жоспарланып отыр, - дейді қала әкімі. 

Жалпы жол құрылысы жұмыстары Қазығұртта бір, Ақтаста екі, Құрсайда 16-ы, Агропромда үш,  Айкөл мен Агрофирма Қарасу шағын аудандарында екіден, Карл-Маркс шағын ауданында бір, Жаңаталап екі көше жолы жаңғыртудан өткізілмек. 

- Қалаішілік көше жолдарымен қатар көше жарығын орналастыру жұмыстары да шаһарда қатар жүргізілуде. Шағын ауданының мекемелері мен тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі қалалық электр желісі мекемесінің атқарып жатқан жұмыстарына тығыз байланысты. Шаһарымыздың техникалық прогресінің алға басуына, мекемелердің және тұрғындардың электр қуатымен толық әрі сапалы қамтамасыз етілуіне «Шымкент қалалық электр желілері» мекемесінің қосып отырған үлесі зор, - дейді қала әкімі.

Биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда Құрсай елдімекеніндегі Аққыстау көшесінде жарықтандыру құрылыс жұмыстары басталып, нысан маусым айында толық іске қосылмақ. Өзге көшелерде де жарықтандыру жұмыстары басталуда.

Шымкент қаласының әкімі Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті
Шымкент қаласында Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі жаңғыртылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу