Шымкент қаласында Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі жаңғыртылады

Oinet.kz 18-05-2023 182

Шымкент қаласында бүгінгі таңда Ташкент-Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырымды құрайды және 8 кезең бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Screenshot_54.jpg

Қазіргі таңда аталған жолдың бірінші және үшінші кезеңінің құрылыс жұмыстары, сонымен қатар бұл кезеңдерге қатысты Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биыл жолдың екінші және төртінші кезеңінің құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.  

Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік айналма жолының» құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған нысан  Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізеді. 

- Жол – күре тамыр. Алматы мен Тәшкент қаласын байланыстырып жатқан транзиттік көлік дәлізінің Шымкент қаласы үшін маңызы зор. Президент Жолдауында еліміздің транзиттік қуатын арттыру маңызды мәселелердің бірі ретінде көрініс тапқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады» дей келіп транзиттік жолдардың құрлысына мән берген. Қазір қаламызда жүргізіліп жатқан транзиттік жолдың құрылыс жұмыстары шақарымызға тың серпін береді деген ойдамын. Өйткені, бұл ең алдымен жол бойында орналасқан елді мекендердегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік бермек, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы-Арғынбеков көшелерінің қиылысында үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы қарқынды іске асырылуда. 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Келесі кезекте Бәйдібек би–Арғынбеков көше қиылысындағы жолайрық құрылысының екінші кезегі іске асырылады.

Сонымен қатар қаладағы Шығыс айналма, Өтегенов, Адырбеков көшелері, Темірлан тас жолының бойында жолаушылар өткелін салу жұмыстары атқарылап жатыр.  

Осы ретте, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысында, А-2 автомобиль жолы мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында жолайрық салу жоспарлануда.

Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғарылай түспек. 

Шымкент қаласында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда
Шымкент қаласында «Электрзавод сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс қуатын арттыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу