Шымкент қаласында мал тоғыту жұмыстары басталды

Oinet.kz 18-05-2023 257

Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы басқармасы аймақтағы дизинфекциялау жұмыстарымен қатар мал ауруларына қарсы іс шараларды қолға алған. Бүгінгі таңда мал тоғыту жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл іс-шара кенеден сақтану мақсатында қолға алынған. 

Screenshot_58.jpg

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы, Жиделі елді мекенінде көктемгі уақ малды арнайы тоғыту жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылуда. 88030 бас түседі деп жоспарланған.

- Бүгінде аймақ халықының негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Бүгінде мал өндірісінен алынатын сүт және ірімшік өнімдері облыстың негізгі азық-түлік қорына еніп үлгерген. Ал көкөніс пен бақша өнімдері қашанда жоғары сұранысқа ие. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін және бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. Биылғы жылы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылды, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» демекші, аймақта мал басының өскені байқалады. Қазір жалпы қала бойынша 90 мыңға жуық қой-ешкі бар екен. Оның 88 мыңы басын тоғыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 46 мың бас тоғытуға түсіп түрлі зиянкестерден залалсыздандырылыпты. 

Мамандардың айтуынша тоғыту жылына екі рет арнайы дизинфекциялық ертіндіде жасалады. Бір атап өтерлігі қойларды тоғыту кененің барлық түрінен, паразиттерден, биттерден және тағы басқа тазарту үшін өткізу маңызды. 

Шымкент қаласындағы «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-де сұраныстағы бұйымдар шығарылады
Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары өз нәтижесін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу