Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары өз нәтижесін беруде

Oinet.kz 18-05-2023 133

Шымкент қаласында бүгінгі таңда мемлекет тарапынан атқарылып жатқан халықты жұмыспен қамту іс-шаралары мен «Ауыл аманаты» жобасының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны біршама төмендеген. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны бір жылдың ішінде 51 мың адамнан 16 мың адамға дейін қысқарған.

Screenshot_59.jpg

– Мемлекет басшысы Жолдауында халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше басымдық беріп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданған «Ұлттық жоба» да осы жерде өз тиімділігін беруде. Осы орайда, Шымкент қаласында өткен жылы 65 799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Осының нәтижесінде 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 51 мыңнан асса, 1 жылдың ішінде 16 мың адамға дейін қысқарған, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қала әкімінің айтуынша, халықты жұмыспен қамтуға әсер ететін сектордың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен 5 өндірістік аймақта орналасқан. Бірақ, бұл аймақтардың 90 пайызы зауыт-фабрикаларға толып тұр. 

– Қалаға инвесторлардың көптеп келуін, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтуді көздеп отырмыз, – деді М.Әйтенов 

Шымкент қаласында мал тоғыту жұмыстары басталды
Концепция по развитию туризма в действии
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу