Шымкент қаласында таза ауызсу жүйесі тартылуда

Oinet.kz 27-05-2023 147

Шымкент қаласында таза ауызсу жүйесі бойынша құрылыс жұмыстары жанданып келеді. Қазіргі таңда қаланың барлық бағытында құрылыс компаниялары өздеріне бекітілген аймақта жоспарға сәйкес жұмыс істеуде. 

Screenshot_19.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінде Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында  таза ауыз су құбырын тарту бойынша құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Соның ішінде Қарабастау елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар жаңа басталып отыр.  

- Мемлекет басшысы Жолдауында қалаларда таза ауыз су құбырын 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізуді тапсырып отыр. Бұл бойынша өңірдің даму жоспары құрылып, сол жоспар аясында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жалпы өткен жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген болатын. Қазіргі таңда жұмыс басталған кезеңнен есептегенде осы мерзімге дейін мердігер мекеме құрылысты 50 пайызын аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізілген, - дейді шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі осы аудандағы құрылыс жұмыстарымен таныса келіп, жауапты компания өкілдеріне нысанның құрылыс жұмыстарының сапасына мән беруді және кестеге сәйкес жауаппен қарауды тапсырды. Ал оған жауапты басқармаға әр апта сайын мұқият қадағалап отыруды жүктеді. 

Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 81 елді мекен таза ауыз сумен қамтылуы тиіс болса, қазір оның 78-і, яғни 1084,9 мың тұрғын таза ауыз су жүйесіне қосылған. Ал соның ішіндегі Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша таза ауыз су тұтынуда. 

- Биыл Шымкент қаласы бойынша таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайыздан 100 пайызға дейін өседі деп күтілуде. Шаһарды таза ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар – Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Осының нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады, - дейді шаһар басшысы. 

Шымкент қаласының Тұран ауданында 10 ойын алаңшасы салынуда
Шымкент қаласы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу