Шымкент қаласының Тұран ауданында 10 ойын алаңшасы салынуда

Oinet.kz 27-05-2023 223

Шымкент қалалық Тұран ауданында балалар ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары басталып кетті. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары Жарқынбеков №17, Бәйдібек би №246, Мангельдин №40, Отырар №52 көпқабатты тұрғын үй аулаларында және Құрсай елді мекеніндегі Құлантөбе, Ұзынағаш көшелерінде, Ақтас және Арғымақ елді мекендерінде жалғасуда. 

Screenshot_18.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастар мен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тиісті сала мамандарына жүктегені белгілі. Президентіміз білім, денсаулық пен спорт салаларында бүгінде көп нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі қала мен ауылдық елдімекендерде ойын алаңшалары салу. Бұл құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылуда. 

Бүгінгі таңда құрылыс саласына басымдық бер отырып,  жастарға жан-жақты қолдау көрсетудеміз. Мемлекетіміздің де алдыға қойып отырған басты міндеті балалардың білім алуы мен спортпен айналысуына мүмкіндік жасау. Біз қазір сол талапты орындауға барымызды салудамыз. Бүгінде қаланың бекітілген жоспарына сәйкес, жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқтап, пайдалануға беретін боламыз, - дейді Мадияр Байымбетов.

Бүгінгі таңда шаһарда 366 ойын алаңшасы бар. Биыл жыл қорытындысымен, Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. 

- Мұндағы құрылыс компаниялары салып жатқан балалар мен ересектерге арналған демалыс және ойын алаңшасы заман талабына сай жабдықталуда. Оның құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлерге біздің тарапымыздан қойылып отырған талап жоғары. Өздеріңіз куә болып отырғандай, балаларымызға арнап салынып жатқан спорттық және ойын алаңшалары біздің сүйікті қаламызға үлкен сый болғалы тұр. Қала әкімдігінің ұсынысына қолдау білдіріп, алғашқы болып іске кіріскен мердігерлерге алғыс айтамын. Осы орайда қаладағы бизнес өкілдерін, атымтай жомарт жандарды сүйікті қаламызға сый жасауға шақырамын. Қаламыздың көркейіп, дамуы тікелей Сіз бен бізге байланысты. Сол себепті көне шаһар-Шымкентті одан әрі көркейте берейік! – деді құрылыс басқармасының басшысы.  

Су жаңа ойын алаңшаларында балаларға арналған спорттық және ойын құралдары, атап айтсақ, шағын аттракциондар, карусельдер, әткеншектер және тағы да басқа керекті құрал-жабдықтармен жабдықталуда. 

Шымкент қаласында денсаулық нысандары көптеп салынуда
Шымкент қаласында таза ауызсу жүйесі тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу