Шымкент қаласындағы әуе компаниясы халықаралық рейстерін көбейтті

Oinet.kz 28-05-2023 159

Шымкент қаласының халқы жыл санап көбеюде. Бұл жолаушылар тасымалының артуына әкеліп отыр. Оның үстінен мектеп оқушыларының каникульға шығуы мен жазғы уақытта демалушылардың артуы жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің жүктемесін де арттыратыны белгілі. Осы маусымдық кезеңде қала тұрғындары мен қонақтарының көлік, темір жол мен әуе тасымалын арттыру жоспарланған. 

Screenshot_22.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов FlyArystan әуе компаниясы өкілдерімен кездесіп, Шымкенттен ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстердің жандандыру туралы мәселе көтерген болатын. Әуе компаниясының өкілдері екі жақты кездесуде өз мүмкіндіктерімен таныстырды. 

Яғни, еліміздегі жетекші лоукостер – FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен ұшатын жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттыруға бағытталған шарттармен таныстырып өтті. Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады. 

Сондықтан әуекомпания басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастыруда. 

- Жазғы маусым кезеңінде Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді. Біз әуе компаниясымен келіссөз барысында осы және басқа да әуе рейстерінің артуына мүмкіндік алдық, - дейді қала әкімі. 

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болатынын айтты.  Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге болады екен. Мәселен, Бакуға аптасына 2 рет, Анкараға аптасына 2 рет ұша алады.

Сонымен қатар шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алады. Бұл рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет орындалатын болыпты. 

Шымкент қаласындағы «Шымкай» серіктестігінің жиһазы «Идея» брендімен танымал
Шымкент қаласындағы қазандықтарды орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу көзделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу