Шымкент қаласындағы қазандықтарды орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу көзделуде

Oinet.kz 28-05-2023 148

Шымкент қаласындағы аудандар көгілдір отынның игілігін көруде. Сонымен қатар сол аудандарға қарасты елдімекендердегі әлеуметтік, мәдени, білім мен басқа да мекемелердің қазандықтарын жылу жүйесіне қосу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда қала аумағындағы 147 қазандықты салалық  басқармаға өткізу жоспарлануда екен. 

Screenshot_23.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында, «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы, қоғам игілігіне және сәулет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер аталып, оған қатысты тапсырмалар берілгені белгілі. Жалпы бүгінгі адам үшін ең керегі жайлылық. Яғни, алаңсыз жұмыс істеуі үшін жайлылық керек. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және әрбір адамның жұмысты істеуіне қолайлы жағдай жасау. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Атап айтсақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы қала әкімдігімен бірлес отырып аудандардағы елді мекендерге табиғи газ құбырын тарту жұмысын жоспарға сәйкес атқарып келеді. Алда жылыту маусымы келе жатыр. Оған дейінгі дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастыру керек. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды, - деді қала әкімі. 

Бүгінде қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен - 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан - 3, спорт мекемелерінен - 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Осы тақырыпта қала әкімінің қасында өткен кеңесте басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. Мұрат Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды  ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.

Қала әкімі мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. «Жалпы, қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын  арттырады» дейді қала әкімі.  

Шымкент қаласындағы әуе компаниясы халықаралық рейстерін көбейтті
Шымкент қаласы мен Сауд Арабия мемлекеті арасындағы туризм саласы дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу