Шымкент қаласы мен Сауд Арабия мемлекеті арасындағы туризм саласы дамып келеді

Oinet.kz 28-05-2023 131

Шымкент қаласы туризм саласына елеулі көңіл бөліп отыр. Жалпы қаланың туристік әлеуеті жоғары. Шаһар аумағында орналасқан туристік нысандар мен саябақтар, алеялар, скверлер, ғажайып мүміндік туындылар келушілерінің еріксіз назарын аударып, баурап алатыны анық.

Screenshot_24.jpg

Кеше Шымкент қаласының туристік әлеуеті Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан «Riyadh Travel Fair 2023» атты жәрмеңкеде де таныстырылып, насихатталған болатын. 

«Жәрмеңкеге әлемнің түкпір-түкпірінен туристік компаниялар келіп, өз елінің мүмкіндіктерін, тамаша табиғаты мен тарихи орындарын жарнамалады. Шымкенттік туристік компаниялар да одан қалыс қалмай, әлем елдері туристерінің назарын сан ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласының, оның айналасындағы құнды рухани жәдігерлерге аударды. Сонымен бірге қаланың мүмкіндіктері мен туристік нысандардың сан ауландығымен жиналғандардың таңдайын қақтырды, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп отыр. Осы бизнес өкілдері бүгінде аймақтағы туризмнің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Кешегі Сауд Арабиясында да отандық компаниялар «Riyadh Travel Fair 2023» жәрмеңкесінде Шымкент қаласының ғана емес, Түркістан облысындағы туризмді танытты десек болады. 

Онда Шымкент қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен отандық туроператорлар Шымқаланың жаңа келбетін барынша шетелдік әріптестеріне танытуға тырысқаны белгілі. Сонымен қатар Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы және тағы басқа да қазақстандық делегация Эр-Риядтағы өзге елден келген негізгі турагенттер және туроператорларымен b2b кездесулер өткізіп, өңірдің бар мүмкіндігін жеткізді.

Ол көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен туризм және авиация саласындағы түрлі ірі компаниялардың өкілдерімен бірге 24 мыңнан астам адам қатысыпты.  

Бір атап өтерлігі, бұған дейін өткізілген осындай таныстырылымнан кейін Сауд Арабиясынан Қазақстанға келушілер саны өткен жылы күрт өсіпті. Бұрын Қазақстанға 900-дан астам саяхатшы келсе, өткен жылы олардың саны 6 мың адамға дейін жеткен. Биыл олардың саны еселей түседі деген ойдамыз. 

Бұл тікелей рейстердің, визасыз режимнің, сондай-ақ бұрын өткізілген b2b кездесулердің арқасында Сауд Арабиясы азаматтарының Қазақстанға сапарлауға қызығушылықтың артуы болып саналады. Сонымен қатар Қазақстан мен Сауд Арабиясы қаржы және инвестиция саласындағы екі жақты байланыстың ауқымы жыл сайын артып келеді.

Шымкент қаласындағы қазандықтарды орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу көзделуде
Шымкент қаласының транзитін арттыратын жоба
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу