Шымкент қаласы әкімінің уәдесімен Қызылсай тұрғын алқабында жол салынуда

Oinet.kz 07-06-2023 277

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы құрылыс алаңына айналған. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта қаланың бірнеше шағын ауданында жол құрылысы мен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қатар жүргізілуде. 

Screenshot_28.jpg

- Өздеріңіз жақсы білесіздер. Президентіміз Жолдауларында құрылыс саласына ерекше басымдық беріп отыр. Соның ішінде жол, тұрғын үй құрылысымен инфрақұрылым жүйесіне аса басымдық берілген.  Мәселен, бүгінгі таңда шағын аудандардағы автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарымен қатар біздің басқарманың тапсырысымен Бозарық шағын ауданында 49 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс нысандарына жүк көліктері құрылыс материалдарын жеткізу кезінде Бозарық шағын ауданындағы ішкі орамдық жолдарының бүлінбеуі үшін аталған тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер есебінен уақытша жол салынып асфалть төселді. Мұның барлығы да жаңа салынған жолдардың бұзылуының алдын алу мақсатында жасалып отырған жұмыстар, - дейді басқарма басшысы.                                                                                                       

Бұдан бөлек, жол салу жұмыстары Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қызылсай тұрғын алабынында да жүргізілуде. Осы аудан тұрғындарымен кездесуде болған Мұрат Әйтеновке ауыл тұрғындары жол салып беруді сұраған еді. Тұрғындардың өтініші ескеріліп, қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніген ауылға осы айының басында Қызылсай тұрғын алабынан қала орталығына қатынайтын төте жолдың құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осындағы бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған.

«Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз кездерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын еді. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына  кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр. Біз үшін бұл өте қуанышты жағдай. Әкім бізбен болған кездесуде уәде беріп еді. енді уәдесінде тұрып, өзінің іскерлігін көрсетуде», – дейді ауыл тұрғындары.

Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң тұрғындар қала орталығына төте жолмен барып-қайтуына мүмкіндік тумақ. 

Шымкент қаласында оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталды
Шымкент қаласында электронды орындықтар пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу