Шымкент қаласының арнайы экономикалық аймағы өндіріс көлемін арттыруда

Oinet.kz 07-06-2023 189

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан зауыттардың өндіріс көлемі жылсанап артып келеді. Бүгінгі таңда бұл экономикалық аймақта жалпы инвестиция көлемі 58,4 миллиард теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орндары ашылған.   

Screenshot_1.jpg

Аталған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын жолға қойған кәсіпорынның бірі - «Shymkent Qagazy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестікте жылына 3 миллион картон қорабын, 10 мың тонна крафт қағазын шығаруда. 

- Біздің алдыға қойып отырған жоспарларымыз ауқымды. Барлығы да қаламыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Президентіміз «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында алдағы бағытымызды айқындап берді. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңдағы жұмыс барысы да осы бағытта құрылып отыр. Бүгінгі таңда жоғарыда айтқан  зауыттың өндіріс қуаты едәуір артқан. Оның өндірген өнімі еліміздің барлық аймақтарына таратылуда. Зауытқа жеткізілген макулатура автоматтандырылған қондырғылардың көмегімен өңделуде. Осыдан үш жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын өнімдеріне бүгінгі таңда сұраныс артып отыр. Алдағы уақытта серіктестік жаңа бағыттарды іске қосып, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлауда. Зауыт жанынан ашылатын желілер жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов.  

Бұдан бөлек, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 3 және 5 қабатты гофрленген картон өндіруші «KazbioLife» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де табысты жұмыс істеуде. Бұл зауыттың жылдық өндіріс қуаты 60 миллион шаршы метр гофрленген картон және картоннан қаптама қораптары құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын өндірісті кеңейту мақсатында екінші жобасын іске асыруда.

«Бұл аймақта кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар шаһар өндірісінің артуына өз септігін тигізуде. Инвестиция тарту арқылы компанияларға бар жағдай жасалуда. Атап айтсақ, арнайы экономикалық аймақтағы қолайлы инфрақұрылым мен заманауи логистика тың жобаларды іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, бұдан бөлек, аумағы 867 гектар алқапты алып жатқан бес жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда. Осы өндірістік алаң аясында аймаққа жалпы инвестициялық құны 398 миллиард теңгені құрайтын 271 жобані іске асыру жоспарлануда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында екі тоғызқабатты үйдің сейсмикалық тұрақтылығы тексерілді
Шымкент қаласына Ресейліктер де инвестиция салмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу