Шымкент қаласында Қытай инвесторларының көмегімен төрт жоба іске асырылуда

Oinet.kz 08-06-2023 143

Шымкент қаласы бүгінгі таңда еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып келеді. Бұл орталықтың дамуына шетелдік инвесторлардың қосып отырған үлесі жоғары. Атап айтсақ, Шымкент қаласында Қытай инвесторларының қатысуымен төрт жоба жүзеге асырылуда. 

Screenshot_3.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Шымкент қаласы шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда. Қала аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 миллиард АҚШ долларын құрайтын төрт  жоба жүзеге асырырылып жатыр. Соның бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жобасы. 

- Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жалпы инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап көрсеткеніндей қазіргі таңда шетел компаниялары қаламызға көшіп келе бастады. Қытайлық компания Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жобасының жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта бүгінгі таңда 380 адам жұмыс істеуде, - дейді Мұрат Әйтенов.  

Бірсөзбен айтсақ, инвестиция елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер ететіні белгілі. Инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді.

Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізуде. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті мен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені, әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас ерекше мәнге ие. 

- «Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет» дейді Президетіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы айтқандай, жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға билік тарапынан жер беріліп, бизнесін дамытуға мүмкіндіктер қаралған. Мәселен, бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж»  жобасы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жобаның құны 3 миллион АҚШ долларды құрайды. Зауытта қазіргі таңда 40 адам жұмыс істеуде. Жыл санап зауыт қуаты да артып келеді, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласы шетелдік инвесторлардың инвестиция құюы арқасында шаһардың арнайы экономикалық аймағы жыл санап дамып келеді. Бұл ең алдымен өзге шетелдік инвесторларды да қызықтырып отырғаны анық. 

Шымкент қаласына Ресейліктер де инвестиция салмақ
Шымкент қаласында Қытай инвесторларының көмегімен төрт жоба іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу