Шымкент қаласында заманауи Конгресс-холл ғимараты бой көтеруде

Oinet.kz 11-06-2023 257

Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары қаланың бас жоспарына сәйкес жүргізілуде. Бас жоспарға енген құрылыс нысанының бірі – Шымсити шағын ауданында тұрғызылып жатқан Конгрес-холл. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Аталған ғимараттың құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. 

Screenshot_12.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында басымдық беріліп отырғаны бұл – құрылыс саласын. Бүгінде Шымкент қаласында көпеген көпқабатты үйлер соғылып, көше жолдарына асфальт жабыны төселіп, таза ауыз су мен газ жүйелері қаланың бас жоспарына сәйкес атқарылуда. Жоғарыда айтқан Шымсити шағын ауданынында бой көтерген Конгресс-холлдың құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда, - дейді басқарма басшысы. 

Оның айтуынша Шымсити шағын ауданынында бой көтерген Конгресс-холл  жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл пайдалануға берілмек. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізу көзделген.         

Жаңа нысан екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орналастырылса, одан бөлек, 2066 орындық көрермендер залы жабдықталады. Сондай-ақ, 190 орындық  конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда барлық көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелерді де осы бірінші блоктан көруге болады. 

Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы орналастырылмақ. Екінші блоктың бірінші қабатында қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханасын кездестіресіз. Сонымен қатар, қолөнершілер дайын бұйымдарын қоя алатын көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысу үшін бірінші қабаттағы мультимедиялық кабинет, қазақ ұлттық билеріне арналған үлкен би залы, музыкалық зал, қазақтың дәстүрлі үстел ойындарына арналған кабинет те осы әсем ғимараттың ішінде болмақ. 

- Жалпы алғанда қаланың көркіне көрік қана қосып қоймай түрлі деңгейдегі халықаралық іс-шараларды өткізуге зор мүмкіндік беретін болады жаңа Конгресс-холл ғимараты. Жалпы алғанда бұл орталықтың мақсаты – мегаполис тұрғындарына рухани жігер және мәдени орта сыйлау, жастарды ұлттық қолөнерді баулу және үйрету, - дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов. 

Шымкент қаласының «Қамқорлық» орталығының тәжірибесі әріптестерінің қызығушылығын оятты
Шымкент қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу