Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде 5 мың жұмыс орны ұсынылды

Oinet.kz 12-06-2023 223

Шымкент қаласында қала әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан ұйымдастырылып отырған іс-шараның бірі халықты жұмыспен қамту. Осы ретте Шымкент қаласында соңғы үш жылдан бері «МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп келеді.

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жәрмеңкеге барлығы 120 жұмыс беруші мекеме қатысып, 5 мыңнан аса бос жұмыс орныдары ұсынылыпты. Жәрмеңкеде жұмыс іздеген азаматтарға медициналық, техникалық, жеңіл өнеркәсіп пен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі беріліпті. 

- Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, халықты жұмыспен қамтып,  әл-ауқатын арттыру мақсатында биыл 57 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  33500  адамды жұмыспен қамту көзделіп, бүгінде  20 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ, қалада іске асырылып отырған Ұлттық жобалар шеңберінде және жеке кәсіпкерлердің жеке бастамасымен «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» аясында биыл 23 420 жұмыс орны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылады.  Қазірдің өзінде 10 043 жұмыс орны ашылды, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.                                  

Сондай-ақ «Арбат» алаңында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай мен Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарынан арнайы келген өкілдер де қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынған.  

- Халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды шаралардың бірі жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Президент өз Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атай отырып, жастарды жұмыспен қамту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Осы іс-шараның  ұйымдастыру мақсаты – қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз жүрген азаматтарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту болатын. Осыған байланысты қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізіп, екі тарапқа да тиімді шарттардың болуын бақылады, - дейді қала әкімі. 

Шымкент қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті
Шымкент қаласында еріктілер ел дамуына өз үлестерін қосуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу