Шымкент қаласында тұрғын үй кезегіндегі азаматтар ипотекамен баспана ала алады

Oinet.kz 13-06-2023 138

Шымкент қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің саны жылсанап артып келеді. Бүгінгі таңда баспана мәселесі жастар үшін өзекті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастар мәселесіне басымдық бере отырып, оларды тұрғын үймен, тұрақты жұмыс орнымен қамту мәселелерін алдыңғы орынға шығарды.

Screenshot_16.jpg

Бұл бағытта қабылданып жатқан «Бақытты отбасы», «5-20-25» бағдарламасы мен басқа да жобалар жастарды баспанамен қамтуға бағытталған.  

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында және «5-20-25» бағыты бойынша қосымша конкурс жарияланыпты. «Аталған конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымынан – 10 шілде аралығында  жүргізіледі. Өтініштер тұрғын үй  кезегінде тұрған барлық азаматтардан, сонымен қатар  «Бақытты отбасы» бағыты бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар,  толық емес отбасылар санаттары бойыныша да қабылданады» дейді ол.

- Баспана әрбір адамның арманы. Бүгінде мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар ел азаматтарының баспаналы болуына жол ашуда. Әсіресе, жастарды қолжетімді баспанамен қамту – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда бұл жобаға жасы 35-ке дейінгі жастар қатыса алады. Оның ішінде, мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге баспаналы болу үшін жеңілддіктер де қаралған. Сонымен бірге басқа да санаттағы азаматтар өтініш бере алады. Жоғарыда айтқанымыздай өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Аталған пәтерлер   Тұран шағын ауданында орналасқан 12 қабатты  №46,№47,№48 тұрғын үйлерде орналасқан. Жалпы 1-бөлмелі пәтер саны 18, оның ең үлкен аумағы 32,98 шаршыметрді құрайды. Бір атап өтерлігі, конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20 пайыз. Ол өтініш берушінің жинақ шотында болуы керек, ал  «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10 пайызы жинақталуы тиіс. Конкурстан өткен қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделеді, дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.

Шымкент қаласында еріктілер ел дамуына өз үлестерін қосуда
Шымкент қаласында төтенше жағдайлардың алдын алатын жаңа басқарма құрылатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу