Шымкент қаласындағы жол құрылыс жұмыстары жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Oinet.kz 14-06-2023 265

Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайы жылсанап артып келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінде көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаржы көлемін  биыл 38 миллиард теңгеге жеткен. Ол 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайған. 

Screenshot_19.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту жайын назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар қалада жоспарлы жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда жалпы ұзындығы 900 шақырымнан астам жолға асфальт жабыны төселді. Қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрығы салынып, пайдалануға берілді, - дейді қала әкімі. 

Қала әкімінің айтуынша, биыл қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы жүргізілуде. «Биыл қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған бағыттағы жолда Бәйдібек би-Арғынбеков жол айрығын, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарын, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін биыл пайдалануға беру көзделген. Осы құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 54 пайыздан 71 пайызға арттырылатын болады» дейді қала басшысы. 

Бұдан бөлек, қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар парктері де жаңаруда. Соңғы 5 жылда қаладағы автобустар паркі 35 пайыздан 90 пайызға дейін жаңартылған. Сонымен бірге қала орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендер де автобуспен қамтылған. 

- Жол құрылысымен қатар, жеке инвестор есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа әуежай терминалын да биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, темір жол вокзалы сенімгерлік басқаруға беріліп, жеке инвестор есебінен толығымен қайта жаңартылатын болады. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары аяқталған соң, әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға, темір жол вокзалының жүктемесі тәулігіне 2 000 адамнан 6 000 адамға дейін арттырылады. Нәтжесінде, жол бойындағы қозғалысты жандандыру арқылы  мегаполист тұрғындарының тұрмысы мен өмір сапасы да жақсара түспек, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында өндіріс аймағын ұлғайту көзделуде
Шымкент қаласында инфрақұрылым жүйесінің жаңартылуы 100 пайзға жақындап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу