Шымкент қаласындағы Бозарық шағын ауданында жаңа спорт мектебі ашылды

Oinet.kz 08-06-2023 220

Шымкент қаласында қала күніне орай ашылған нысандар көп. Соның ішінде спорттық нысандар мен балалар ойын алаңдары да бар. Бозарық шағын ауданының тұрғындары жылдап күткен ондағы құрылыс жұмысы жүргізілген №20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі кеше ел игілігіне берілді. 

Screenshot_19.jpg

Елімізде Президент Жолдауларында көтерілген бұқаралық спорт түрлері Шымкент қаласында жақсы дамып келеді. Нәтижесі де жоқ емес. Жуырда өткен Әлем және Азия ойындарында Шымкенттік спортшылары үлкен жетістіктерге қол жеткізген болатын. Шымкент қаласыңың әкімі Мұрат Әйтенов жаңа ашылған,  бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік беретін заманауи талапқа сай жабдықталған  жаңа ғимаратты аралап көрді.  

- Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып отырған қала тұрғындарының саны жылсанап артып келеді. Мына жаңа ашылып отырған нысан спорт сүйер қауымы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Өңірімізден шыққан спортшылар қатары әлі де жастармен толығатынына сенім мол. Ал осындағы спортты жанына серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай, жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Спорт мектебі үш ауысымда жумыс істейді. Әр ауысымда 10-23 жас аралығындағы 100 спортшы жаттыға алады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Сәулетті нысанның төменгі қабатында қажетті платформалармен  жабдықталған ауыр атлетикаға арналған спорт залы мен әмбебап залдар қарастырылған. Ал жоғары қабатта жаттығу алаңдары, теннис үстелі, өрмелеу арқаны, дзюдо татамиі, бокс рингі және ауыр атлетикамен белсенді айналысуға қажетті қосымша жабдықтар орнатылған.  Сонымен қатар ғимаратта асхана, медпункт, массаж кабинеттері де бар. Спорт кешенінде ауыр атлетикадан, бокстан, еркін күрес пен грек-римнен, дзюдодан, пауэрлифтингтен, қол күресінен топтар ашылатын болады.  

Озық үлгіде бой көтерген бұл мектеп жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік берері сөзсіз. 

Қалада осы салтанатты ашылудан кейін Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген болатын. Ойын алаңшаның құрылысы маусым айының басында басталып, 15 күннің ішінде аяқталып отыр. Жалпы биыл Тұран ауданында 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.  

Шымкент қаласында Оқушылар сарайы ашылды
Шымкент қаласында жаңа саз мектебі пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу