Шымкент қаласында жылу желілері ауыстырылуда

Oinet.kz 20-06-2023 139

Шымкент қаласында жылу жүйелерін алдағы қыс маусымына дайындау құрылыс жұмыстары қарқын алды. Бұл жұмысты өз бақылауына алған қала Мұрат Әйтенов қазіргі таңда шаһар көшелерінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, қайтара бір пысықтап шыққан болатын. 

Screenshot_2.jpg

- «Жаз арбаңды қыс сайла, қыс шанаңды жаз сайла» деген қазақта жақсы сөз бар. Біз де осы қағиданы басшылыққа алып жұмыс істеудеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында халықтың жайлы өмір сүруін, баспанамен, жылу және таза ауыз су, көгілдір отынмен қамтылуын жайдан жай көтеріп отырған жоқ. Мұның барлығы адамдардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін қажет. Сол жайлылықты қалыптастыру бағытында жылу жүйелері мен орталықтандырылған қазандықтардың қысқа дайындығы пысықталуда. Жалпы бүгінгі таңда қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. Бүгінде соның жетісі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр Атап айтқанда, 2023 жылы 6 185 метр жылу құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бүгінгі таңда қала аумағында бірінші кезекте қала бойынша «ОНС-2» сорғы станциясынан «ТК-4-ке» дейін, «ТК-4-тен» «ОНС-3» сорғы станциясына дейінгі магистралдық жылу жүйесіне қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сорғы станциялары мен жылу жүйелері 1980 жылдары қолданысқа берілген. Сондықтан жылу құбырларын толық ауыстыру және сорғы станцияларына қайта құру кестесіне сай кезең-кезеңмен іске асуда. Жоспар бойынша қайта құру осы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Құбырдың жалпы ұзындығы 4 057 метрді болса, жоба құны 1 938 миллион теңгені құрайды. 

- А.Байтұрсынов пен Түркістан көшелерінің қиылысындағы «ТК-24» пен «ТК-26» станциясы аралығындағы құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы 667 метр. Қаралған қаржы 341 миллион теңге.  Қазір таңда құрылыс жұмыстардың 40 пайызы орындалған, оны осы айда аяқтап тапсыруы тиіс. Ал А.Байтұрсынов көшесіндегі «ТК-42» және  Ғ.Іляев көшесінде орналасқан «ТК-39» станциясына дейінгі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарының жобалық құны 215 миллион теңге. Құбырдың жалпы ұзындығы 605 метр. Бұл нысанның бүгінде құрылыс жұмыстар 60 пайызға аяқталған. Мұны да осы айда тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ осы айда тапсырылуы тиіс нысанның бірі – ол Асқаров көшесі «ТК-23-тен» «ТК-3-ке» дейінгі жылу құбырлары. Бүгінгі таңда ондағы ауыстыру жұмыстары 45 пайызға орындалған, - дейді қала әкімі. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы барлық жұмыстарды кестеден кешікпей атқарудын мердігерлер мен жауапты басқармаға қатаң тапсырып отыр. Жылу желілерінің жаңаруы қала үшін де маңызды.  

Шымкентские школы – в лидерах по цифровизации.
Шымкент қаласында үш елді мекенге таза ауызсу құбыры тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу