Шымкент қаласында су арналарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 20-06-2023 147

Шымкент қаласында су арналарын жаңғырту жұмыстарының жүргізіліп жатқанына да бірнеше айдың жүзі болды. Бүгінгі таңда Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу,  Чумчак, Сай ниже водопада су арналары күрделі жөндеуден өткізілуде.

Screenshot_4.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған каналдардың құрылыс жұмысымен жақсы таныс. Өйткені аталған құрылыс алаңында бірнеше рет болған қала әкімі ондағы атқарылып жатқан құрылыс барысын өзі бақылап отыр екен. 

- Бүгінгі күні біз Шымкент қаласында жайлы орта қалыптастыру үшін ондаған жобаны қолға алдық. Сол жобалар аясында бұрынғы су арналары мен су жүйелері, рерригация жүйелері қайта қалпына келтірілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауларында суармалы алқаптардың көлемін ұлғайту, қалаларда жасыл алаңдар құру туралы тапсырма берген. Біздің бүгінгі бағытымыз да қаланы жасыл желекке бөлеу. Осы бағытта қолға алынған жобалар қаламызда кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Мәселен, жоба бойынша 13,5 шақырымды құрайтын «Көксу» арнасының ішінде 210 метрлік бетондалған трапеция,  3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток  орнатылады. 

Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған. Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған, - дейді қала әкімі.Күрделі жөндеуден өтіп жатқан «ЧУМЧАК» су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта  жер қазу,  көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы  жергілікті тұрғындарға  су берілуде. 

Аталған су арнасының қазіргі таңда  құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Сондай-ақ «Сай ниже водопада» су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын  ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген. Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы  каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырып отыр мердігерлерге.

Шымкент қаласында үш елді мекенге таза ауызсу құбыры тартылуда
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қауіпсіздігіне баса мән берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу