Шымкент қаласы Ұлыбритания мен Ирландиялықтармен ынтымақтастық экономикалық әріптестік орнатуда

Oinet.kz 22-06-2023 161

Шымкент қаласының экономикалық дамуына шет ел компанияларының қосып отырған ықпалы зор. жуырда Шымкент қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Джейн Личпен арнайы ресми кездесуі өтті.

Screenshot_13.jpg

Кездесу мақсаты – елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындау болатын. 

Жалпы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап жалғасып келеді. Бұл жылдар аралығында мемлекетаралық байланыс сындарлы түрде нығая түсті. Мәселен, екі ел ынтымақтастығының бір көрсеткіші – қалалар арасында тығыз байланыс орнату. Стивендж қаласы мен Шымкент бауырлас қалалар. Екі қала арасында бұл күнде туризм бағыты бойынша байланыс бар. 

Кездесу сәтінде қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек елшілік өкілдеріне қаланың экономикалық әлеуетін таныстырып өтті. 

- Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңда шетелдік компанияларды тарта отырып, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестікті арттыру арқылы өндіріс көлемін жоғарылату барысы да осы бағытта құрылып отыр.  Осыған сәйкес қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын жүздеген инвестициялық жобалардың базасы жасақтадық. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы бүгінде қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы қалыптасқан. Биылғы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан, - дейді ол.

Екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру қажет екені айтылды. Кездесу  нәтижесінде екі ел арасында игілікті жобалар жүзеге асады деп күтілуде.

Шымкент қаласында түрік компаниясы алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынуда
Шымкент қаласында қоқыс өңдеу зауыты салынбақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу