Шымкент қаласында қоқыс өңдеу зауыты салынбақшы

Oinet.kz 23-06-2023 125

Шымкент қаласында ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаны құрамақ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. 

Screenshot_14.jpg

- Экология мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек. Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында қала мен елдімекендер айналасын абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу қажеттілігін көтеріп келеді. Тал-дарақ отырғызу жұмыстары қала аумағында жылда жүзеге асырылуда. Ал тұрмыстық қалдықтар мен кездейсоқ күл қоқыстарды жоюмен қала билігі тұрақты айналысып келеді. Жалпы бүгінде қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясын іске асыру бізде де жоспарланып отыр, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінде бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отырғаны белгілі. Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Биыл ақпан айында қалалық полигон қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылған. Осы уақытқа дейін жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп, қазір полигон жағдайы едәуір жақсара түскен.

Шымкент қаласы Ұлыбритания мен Ирландиялықтармен ынтымақтастық экономикалық әріптестік орнатуда
Шымкент қаласында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан нысандар кестеден кешікпей беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу