Шымкент қаласында 250 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынуда

Oinet.kz 24-06-2023 168

Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы «Алдоңғаров» шаруа қожалығының 200 бас мүйізді ірі қара мен 50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Қожалық мал бордақылау алаңының құрылыс жұмысын 2021 жылы бастаған болатын. Бүгінгі таңда ондағы құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталып отыр.   

Screenshot_18.jpg

Аталған шаруа қожалықтың құрылыс алаңында болған қала әкімі Мұрат Әйтенов шаруашылық басшысымен  кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бордақылау алаңын бұдан әрі дамытуға бағытталған мүмкіндіктер туралы кеңестер айтылды. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі шағын және орта кәсіпті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр. Сол қолдауды өзіміз де сезініп, кәсібімізді дөңгелетіп келеміз. Біздің ұстанған жолымыз, ата-бабадан жалғасып келе жатқан мал шаруашылығы. Бұл елімізде қабылданған «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында мүмкін болуда. Мен де осы жобаның қатысушысының бірімін. Осыдан бірнеше жыл бұрын бағымды сынап, халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылып, солардың қолдауымен шағын несие алып, кәсібімді бастаған едім. Ойға алған жоспарымды жүзеге асыру екінші денгейлі банктердің несиелендіруі арқылы мүмкін болды. Солардың көмегімен алған қаржымды қожалықтың жұмысын кеңейту мақсатында жұмысаудамын. Ертең мал бордақылау алаңын ашқан соң бастаған кәсібіміз дөңгелеп, ісіміз алдыға басады деген сенімдемін, - дейді  «Алдоңғаров» шаруа қожалығының жетекшісі А.Алдоңғаров. 

Қожалық жетекшісі бастаған жұмысын биыл күзге аяқтап, жұмысын бастағалы отырғанын жеткізді. Талапқа сай арнайы қора жайлар, мал азығын сақтайтын қоймалар, жаздық қоралар мен 5 гектар жоңышқа егіс алқабынан мал азығын қарастырылған. 

Бордақылау алаңының қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда маңызы зор.  Сауда нысандарына әр тоқсан сайын, ал өндірушілерге 1 жылға баға бекітіліп отырады. 

Қала аумағында қазіргі таңда 100 бастан жоғары  ірі қара мал бордақылауға арналған  алаңдардың саны 30-дан  асады. М.Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қала халқын сапалы ет өнімдерімен қамтуда инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізуді  тапсырды.

Шымкент қаласында копфункционалды қойма салынуда
Шымкент қаласында «Көрме» орталығында өткен қоғамдық қабылдауға 200 тұрғын қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу