Шымкент қаласында копфункционалды қойма салынуда

Oinet.kz 23-06-2023 190

Шымкент қаласында ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма кешендері көбейтілуде. Өйткені көкөніс бағасының қыс айларында нарық бағамына бой бермей шарықтап кететіні бар. Көкөніс пен жеміс-жидекке деген халықтың сұранысы жыл санап артып келеді. Ол сұранысты қанағаттандыру үшін көкөніс қоймаларын көптеп салу қажеттілігі қалада да туындап отырғаны белгілі. 

Screenshot_17.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда сауда-логистикалық орталығында  «НМИ – ЮГ» көп функционалды қойма кешені салынуда. Жобаға сәйкес, ғимараттың аумағы 22 мың шаршы метр. Тоңазытқыш камерасында тәулігіне 1455 тонна өнім сақтауға болады. Ал ұн өнімдерін сақтайтын орында 327 тонна тауар сақтауға мүмкіндік бар. Кешен іске қосылғанда 100 ден астам адам жұмыспен қамтылмақ. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді», дей келе еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру туралы тапсырма берген еді. Кейінгі жылдары азық-түлік бағасының күрт көтерілуі халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Өз қаламыздан жиналған көкөніс, пияз, сәбіздердің де бағалары дүкенге түскенде көтеріліп кететіні бар. Міне, мұны жете түсінген диқандар өз өнімдерін сақтау үшін үлкен-үлкен  қоймаларды пайдалана бастады.

Көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтау бір қарағанда еш қиындығы жоқ жұмыс сияқты көрінеді. Бірақ оның балғындығын сақтай отырып, ұзақ мерзімге сақтау екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. «Қыстың қамын жаз ойла» деген қағиданы берік ұстанған диқан қауымы қазір қамбасын дәнге, қоймасын бақша өнімдеріне толтырып,  нарық бағамының көтерілуін күтіп отырғаны белгілі, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қазір өндірістік кестеге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары 30 пайызға аяқталған. Жоспар бойынша қойма кешені келесі жылы қолданысқа беру көзделген. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп,  сапаны назарға алу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, нысанды шаруаларға қолайлы етіп жабдықтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. 

Шымкент қаласында 160 нысан салынуда
Шымкент қаласында 250 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу