Шымкент қаласында 160 нысан салынуда

Oinet.kz 23-06-2023 147

Шымкент қаласы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналып келеді. Оған қалада көптеп салынып жатқан биік ғимараттар мен мемлекеттік мекемелер дәлел. Жалпы биыл шаһарда 160 жаңа нысан салу жоспарланған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, биыл құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысаны, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілген екен. 

Screenshot_16.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылуда. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй,  3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Қала әкімінің айтуынша, соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында мегаполисте ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болған. Биыл 1 миллион 73 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда. 

- Бүгінде құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстың өзі қаланың бас сәулеттік жоспарына сәйкес атқарылуда. Әрбір жаңа нысан қала сәулетіне көрік қосуда. Жалпы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап жыл соңына дейін ел игілігіне тапсыру көзделуде. Тұран шағын ауданында 18 көпқабатты тұрғын үйдің, Бозарық шағын ауданында 54, Ақжайық шағын ауданында 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтарына 505 пәтер нарықтан сатып алу жоспарлануда, - деп қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы жоспарларымен бөліскен еді.

Шымкент қаласында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан нысандар кестеден кешікпей беріледі
Шымкент қаласында копфункционалды қойма салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу