Шымкент қаласында 12 өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда

Oinet.kz 27-06-2023 137

Шымкент қаласына қарасты Сайрам елдімекенінде өрт сөндіру депосының құрылыс жұмысы басталып кетті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, құрылыс нормаларына сәйкес халық саны 1 миллионнан асатын және жалпы аумағы 117 мың гектарды құрайтын Шымкент қаласында 22 өрт сөндіру депосы болу керек екен.

Screenshot_37.jpg

Ендігі таңда қосымша 12 өрт сөндіру депосын салуды қажеттігі туындағаны туралы айтылды. Бұл бойынша Шымкент қаласында бүгінгі таңда арнайы жоспар құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Соның бірі Сайрам елдімекенінде 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылыс жұмысы басталып кетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс объектілерін аралау барысында осы Сайрам елдімекеніндегі өрт сөндіру депосына арнайы барып, құрылыс жұмысының барысымен танысқан болатын. 

Мұндағы жаңа өрт сөндіру депосы өрт сөндіру қызметінің жеделдігін, тиімділігін арттырады. Тілсіз жаудың алдын-алу және салдарын дер кезінде жою мақсатында мұнда өрт сөндірушілерге барлық қажетті техникалық жабдықтар қамтылатын болады. Мұрат Дүйсенбекұлы депо құрылысының бастапқы сатысымен таныса келіп, мердігерге жұмыс сапасына назар аударуды тапсырды.  

Айта кетейік, сонымен бірге қалада Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында қосымша ғимарат пен 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депоcының және Түркістан көшесінде өрт сөндіру депосын құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мұндай құрылыс жұмыстары Тұран шағын ауданында 4  автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнарбұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

2025 жылға Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу жоспарлануда.

Шымкент қаласы таза ауыз су, жарық және көгілдір отынмен қамтылуда
М.Исаханов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, құрылыс жұмысының барысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу