М.Исаханов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, құрылыс жұмысының барысымен танысты

Oinet.kz 27-06-2023 120

Шымкент қаласында салынып жатқан құрылыс нысандары көп. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының қызған шағы. Сол салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмысымен қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов арнайы танысып шықты. 

Screenshot_38.jpg

Қала әкімінің орынбасары алдымен қалалық әкімшілік-іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстарымен де танысты. Бұл бекеттер өрт сөндірушілердің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді. Аралау барысында қала әкімінің орынбасары  жауаптыларға ғимараттардың барлық талаптарға сай бой көтеруін бақылауды, құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебекұлы жаңадан салынып жатқан «М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияға қосымша корпустар салу» нысанын және «Сайрам» шағын ауданындағы №65 мектепке жапсаржай салу нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. 

Қосымша оқу корпусын салудың мақсаты оқушылар үшін оқу орындарының санын көбейту және балаларды сапалы оқу үдерісі үшін жағдай жасау, жалпы орта білім беретін мектептердің үлгілік бағдарламасына сәйкес оқу үдерісінің заманауи технологиямен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұдан кейін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Шымкент жоғары медициналық колледжінің спорт залының құрылсымен де танысқан болатын. Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамтамасыз ету болып табылады. Ғимарат екі қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы айда аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Шымкент қаласында 12 өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда
Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 17300 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу